Баста, дәл қазір жаса!

Баста, дәл қазір жаса!
жеке
блог
Мен өзім бастан өткен соң айтып, бөлісіп отырмын.Алдымен өзімді таңыстыра кетейін.Мен Ишбаева Арайлым 1 курс студентімін.Осыған дейін Массагет кз сайтының тұрақты оқырманы болдым.Сайт авторына, оның көркейуіне үлес қосып жүрген ұжымға алғысым шексіз.Өте керемет сайт, керегінің бәрі осында.Сайт ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.
Ал неге блог жазуға бел шештім? Маған бала кезден бері әдебиет саласы қызықтыратын, тіпті 5 сынып кезінде өлең шығарып, (әлі әкемнің қойын дәптерінде сақтаулы )мектеп аралық жарысқа қатысып, орын алғаным есімде.Бірақ сол шабыт ұзаққа бармай,белгілі бір жағдайға байланысты мүлдем аққан жұлдыздай жарқ етіп ғайып болды.Яғни мектепаралық  Менің ертегім бе,нақты атауы есімде жок әйтеуір сол сайыс барысында қалам ұстап өзімді сынап көрмекші болдым.Сайыс барысында жазылған еңбектер толық оқылмай сыртқы көркемдігі бойынша әдемі компьютермен терілген шығарма иесі жүлделі орын алды.Міне осыдан кейін бала күнгі  жазушы боламын деген арман жайына қалып, әдебиетте оқырман ретінде қалдым.Қазір ойласам күлкім келеді, бірақ осыдан кейін мен дизайн саласына қызыға бастадым.
Сонымен жылдар өтіп, студенттік өмірге аяқ бастым.Арман қуып Алматыға келіп, қызығы мен шыжығы мол кез басталып кетті.Ақырындап өз қорқынышымдыжеңіп блог жазып бастадым,бір группаға логотип жасап,араб тілін үйрене бастадым.Бұның бәрі кішкентай қадамнан басталды(ал бізге түйеден түскендей өзгеріс керек ,елге Мен мұндалап тұратын).Сондықтан қорықпай, алға қарай ұмтыла беріңіздер.
Қорыта келе өзімнің түйгенім, кейбір мектеп сабақтарының мүлдем өмірге керегі жоқ !Аты дардай ЕНТ ның да маңызы соншалық емес, өмірді шешпейді.Ия жақсы әйтеуір ебін тауып, жоғары балл жинадыңыз делік, бәрібір де желмен келген дүние желмен кетеді.
Сондықтан өзіңіз рахат алатын сүйікті іспен шұғылдаңыныз.Бір күні сол саланың шыңына жетерсіз.Әрдайым тәтем маған айтатын:Универге диплом алу үшін оқыма, студенттік өмірді көру үшін оқы! Бір тал кесе жусанда шынайы көңілмен жу, басқа салада да солай.
                                  ***
Бұл менің алғашқы жазбам,сол себепті қателік болса кешірім сұраймын.Мүмкін жазбама  ой қосып, пікір айтам деушілерге
алғысым шексіз!