Балдәуреннен қалған естелік...

Балдәуреннен қалған естелік...
жеке
блог

Балдәуреннен қалған естелік...

Жүзімнен балалықтың табы әлі кете қоймаған мектеп қабырғасындағы соңғы жылдарым болса керек. Менің көше бойымен сабақтан қайтып келе жатқанымды ауыл адамдары көрмей-ақ білетін. Ә, ол қалай? Айтысты бар жан-дүниесімен, бүкіл болмысымен сүйетін сол бір қыз үшін сахнада әр әннің желісіне салып, халықтың жүрегіне жол табатын айтыскерлердің әнін жаттап алып, бүкіл ауылды жаңғыртып айтып жүру дағдылы әдет. Тіптен, жол бойындағы мекемелердегі қызметкерлер «әлі де бала-ау» деп күліп, анама сыр қылып шертетін көрінеді. Иә, сол бір күндер... Сүйекке сіңіп қалған әдет әлі де бойымнан кете қоймады. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» деп хакім Абай айтқандай айтыскерлердің аузынан төгілетін азаттықтың қадірі, ұлттық болмыс турасындағы жырлар әлі де ақтарылады. Екі кезде айтылған жыр да, көсіліп жатқан пенде де – біреу. Тек, қазір мұрат бөлек. Әр үйден қазақылықтың иісі аңқыған айналайын ауылымда жанымның бір жайлауында тыныштық таптырмай шертіліп жатқан жырды ақтарсам, ғимараттары аспанмен таласқан тас қалада адамдардың ұлттық сана-сезімін ояту, олардың өлегізеген рухтарын тірілту үшін. Қайран заман...  Сезім