Балалық шақты сағынамын...

Балалық шақты  сағынамын...
жеке
блог

Қыс. Айнала  ақ  түстің  құрбанына  айналған. Табиғаттың  тосын  сыйы  кейде  боран  болып,  кейде  жаздай  жадырап қардың  бәрін  ерітіп  тастайды. Сондай  күндердің  бірі  бүгін  болып  тұр. Күн  көктен  қызып  ауладағы  ақ  қарды  пішінінен  өзгертіп  бассаң аяғың   суға  түсіп, қарды  жек  көріп  кетесің.  Бізге  көктем  ерте  келеді. Ауылдың  төбесі  қарайып, көк шығып  қалағнды. Ауыл  шаруалары  малдарын  қыратқа  айдап, былтырдан  қалған  қар  астында  жібіген  жантақ  пен сары  гүлді  шалғынға  жаяды. Ағамның  үйінде  оншақты  қой-қозылары  бар  болатын. Көрші  балалар, үйлерінен  қозыларын   айдап  бағатын, менде  ағамның  бес-алты қозысын  қосып  бағысатынмын. Қырдың  таза  ауасы, әжеміздің  таба  наны мен  күбіге  піскен айранын  құйып  алып   мәз  болып  шығатынбыз. Үйіміздің  артында  үлкен  жар  болатын. Ауылдың  көзі  көрген  ақсақалдары  айтуы  бойынша, бұл  жер мешіт  болған  деседі. Қазір  ауыл  игілігіне  жарап , үлкен  мәшинесімен   топырақ  тасып, керегіне  пайдаланатын. Біз  өзімізше, архиолг, алпенисть  болып  сол  жарды  зерттеп,  өрмелеуге  құмарақ  едік. Кейде  топырағынан  баяғының   қыш  кірпіштерін тауып  алатынбыз. Бір  олжа  тапқандай  қуанып  оларды  төбеге  жинап  тастайтынбыз. Осылай  түс  ауа  қозы  бағып  түрлі  қызықтарға  батып  қайтушы  едік... Ойын  баласымыз  ғой  бірде  ауылдың  төмен  жағындағы  қызыл  жарға  ойнауға  барып  ең  бейік  беткейіне  барып, жүгіріп шықтық. Жиегіне  орналасқан  көгершіндер  пытырлай  ұшып, көкке  көтеріліп   кетуші  еді. Сол  қызыл  жардан  төмен  қарай  кім  бірінші  түседі  деп, биік  шыңнан  құлаған  сәтім  күлкімді  келтіріп  есме  оралып  отыр...  Балалық  шағымның  куәсі, осы  бір жерде  сақтаулы  тұр.Бала  кездің бар  кезеңі  қызық  -иә?  Достар  сендерде  осындай  бастарыңнан  өткен  қызықты  жағдайларды  жазып   тұрыңдар күтемін. Мәңгілікке  сағынышқа  айналған  естен  кетпес ерекше  шағымызды  осылай  еске  алып,  бір  бақытқа  бөленгендей  боламын!