Балалық шақ

Балалық шақ
жеке
блог

Шіркін сəбилік сəтке ешнəрсе жетпейді-ау...Балбырап балқып еркелей шалқып бесікте қалқып анасының құшағында жатқан кезін аңсамас жан жоқ-ау,сірə?!

Мен бүгін өзімнің балалық шағым жайлы айтайын. Балалық шақ ең бір тəтті кезең ғой. Естен кетпес,қайта оралмас шақтар. Мен бір отбасының жалғыз қызы,кенжесімін. Алдымда төрт ағам бар. Мені осы ағаларымнан кейін ұзақ күтіп қыз болсын деп аңсаған. Əсіресе атам. Алайда мені атам көре алмай өмірден озып кетті. Əжем сені атаң қыз болсын деп тілейтін жарықтық деп айтып отыратын. Əжемнің сүйікті,тəтті немересі болдым. Қонаққа кетсе маған бір дорбамен алма конфет түрлі тəтті тағамдар ап келетін. Менде соны күтіп жүретінмін Қонаққа барар кезде шкафын ашып"қай көйлегім жақсы қайсысын киейін?" деп менен сұрайтын. Жылтырақтарға қатты қызығатын. Мен 7 оқитын кезде əжем өмірден озды. Дəл 1 қыркүйек күні. Кішкентай кезімде мама папамның қасына жатып көрмеппін. Əжем қасына алып жататын. Бетін сипап құшақтап ұйықтайтынмын.Өмірден озардан 1 ай бұрынаяқ астынан қатты ауырып жатп қалды. Тіпті өзінің қыздарын балдарын танымай қалды. Тек мені ұмытқан емес. Ауырған кезде мамам екеуміз қасына жатып түнімен дəрісін беріп қызуын өлшеп киіндіретінбіз. Сөйтіп бір күні əжемнен айырылып қалдым. Мен дүниеге келген кезде атымды қоюға бəрі таласқан. Неше түрлі есімдер айтқан. Əжем "Аңсағаным" жақын апам "Аружан"деп қойған. Бəрі мені қызық көріп көзімнің ашқанын,былдырлап сөйлегенімді,тəй-тəй басып жүргенімді күткен. 2 жасыңда "əдебиет" кітаптарындағы ақындарының атын жатқа білетінсің деп айтады жақындарым. Олардың бəрін ағам үйреткен. Өзімді мақтағаным емес алайда үйдің жалғызы кенжесі болсамда мама папама еркелемейтінмін. Кейбір қазіргі қыздарды көрсең мама папасының басына шығып дегендепін істетеді. Ол дұрыс емес менің ойымша. Орнымен еркелеген жақсы ғой... Мен кішкентай кезімде көп сөйлемейтін тұйық болдым. Далада ойнап жүрген қыздарға көп қосылып ойнамайтынмын. Тек сыныптасым,жан досым,көршім Үмітпен соның сарайында екеуміз қуыршаққа киім тігіп ойнайтынбыз. Осылайша күндер өтіп 11 бітіретін кезде келіп жетті. Тек бір арманым,мақсатым оқуға түсіп ата-анамның ағаларымның үмітін ақтау болды. Сөйтіп Құрманғазы атындағы саз колледжінің "кітапхана ісі"мамандығына түстім. Қазір 2 курстың студентімін.

П/сы: бұрын тезірек есейсек екен дейтінбіз қазір балалық шақты аңсайсын. Бірақ ол қайта оралмас шақтар....