Мына дүниеге келгеннен бастап адам баласы армандап, алдына мақсат қояды. Ал мақсат дегеніміз – аялаған арманның бір бөлігі. Әрбір мақсатымызды орындау арқылы біз арманымызға бір қадам жақындай түсеміз.Мен де алдыма мақсат қойып оны орындау арқылы балалық шақтан армандаған арманыма қол жеткізгім келеді . «Армансыз күнім болмайды »,-деп Жазира әпкеміз жырлағандай армандау мен алдыма мақсат қоюдан ешқашан бас тартқан емеспін. Алдағы уақытқа жоспарлаған жұмыстарым да бар.
Алғашқы айда тамақ дайындау мен тәтті тағамдарды дайындауды үйренуім керек.
Ал кейінгі 2 аптада қолөнермен айналыссам қалған екі аптада сегізінші сыныптың үш оқулығын оқимын.
Алғашқы жоспарыма келетін болсақ тамақ дайындауды әрбір қыз баласы білуі қажет. Ал тәтті торт дайындауды өзім қатты ұнатамын және осы айдың ішінде тамақ дизайныменде айналысамын.
Ал қолөнерге келетін болсақ мен мұны жақсы көремін. Бірақ кей кездерде қатты шаршап жалығып кетемін. Алайда бұл жұмыс адамды сабырлы болуға шықырады.
Ендігі кезекте сегізінші сыныптың оқулықтары . Мен физика, ағылшын тілі,химия пәндерін осы жазда оқып тастағым келеді. Себебі осы пәндерден қиналатыным рас.
Тамақ дайындауда мен анамның көмегіне жүгінемін. Анам маған үйретіп жөн сілтейді.
Қолөнерг е келетін болсақ бұл жұмыстан менің хабарым бар.
Үшінші жоспарымды орындау үшін күнсайын физикадан бес тақырыпты оқысам, химияданда солай, ағылшын тілінен күнде 50 сөз жаттасам жетеді деген ниеттемін.
Мен осы сайыста жеңіске жетуге талпынып тобымды да жеңіске жетелеймін. Томирис командасында тек қана қыздар жинақталған . Ал қыздардың пысық болатыны барлығына мәлім.
Байқауға қатысудағы мақсатым осы жоспарларымды орындау және бұл қызықтан құр қалғым келмейді. Маған байқаулар ұнайды. Мүмкіндік болса мен барлық байқауға қатысқым келеді.
Бұл байқауға қатысушылардың барлығы өздеріне аз болсада тәжірибе жинап мақсатқа қалай жету керектігін ұғына түседі деп ойлаймын. Ал бұл байқауда жеңіске Томирис командасы жетеді.