Аязды күні жылы киінудің амалдары
блог
- Аяққа жылы бәтіңке. Пима немесе ұнты болса тиіпті жақсы (сұлуынан жылуы).
Негізі пимаға келетін болсақ, ол Еуразия құрлығында мекен ететін көшпелі халықтың дәстүрлі аяқ киімі. Пиманың тарихы 1,5 мың жылдан асады деген дерек бар. Көрші Ресей еліне Алтын Орда кезінде енген дейді. Киізден жасалған пиманың ерекшелігі ол минус -30 градусқа дейін суыққа шыдас береді. Өзге етіктерден ерекшелігі пима жүргенде ғана емес, тұрғанда да аяқты жылыда ұстайды. Пима - ғимараттың ішінде де ыстықтатпайды. Сондықтан қандай да бір нысаннан далаға шыққан кезде ештеңе сезбейсіз.
Ал, «унты»-ға келетін болсақ оны алуға көптің қалтасы көтере бермейді, екіншіден ол ыңғайсыз.
2. Нәски желательно түйе жүн нәски. Ішінен жұқа нәски киіңіз. Біріншіден ол аяқты терлетпейді, екіншіден жұмыстағы туфлиді спокойна кие бересіз.
Түйенің жүні – қойдың не ешкінің жүнінен ерекшелігі түйе жүнінен тоқылған заттардың салмағы жеңіл болады. Түйе жүні терлетпейді. Сонымен қатар, түйе жүнінен аллергия болмайды. Біле білсеңіз түйе жүнінен тоқылған заттарды дәрігерлердің өзі артрит, ревматологияға қарсы қолдануға кеңес береді екен.
3. Бұтқа түйе жүн ғамаж. Сыртынан лыжни шалбар. Өйткені ол кең и ғамаж кедергі келтірмейді.
4. Үстіге майкі, водолазка (мойын жылы жүреді), сыртынан қалың жемпір кию керек. Ал оның сыртынан қалың куртка. Алып тастаған капишенді тағып алыңыз.
5. Басыңызға малақай не тымақ. Бірақ, қазір қолжетімсіз болып кетті. Малақай болмаса қалың шапканың сыртынан капишенді киіңіз.
6. Мойынға Бетті жауып тұратын от души үлкен шарф тағыңыз. (далада ауызбен емес, мұрынмен демалыңыз)
7. Қолға тоқылған биалай не лыжни перчатка. Кожаный перчатки өтірік әңгіме.
8. Костьюм шалбарды жұмысқа алып барыңыз. Өйткені қалың киіммен жұмыста жүру не реально ыстық екен)))
9. Түскі асыңызды өзіңізбен алып барыңыз. Өйткені асxанадағы астың құнары жоқ.
10. Көлігіңіз болса оны қинамай автобуспен жүрген абзал. (қазір соткада неше түрлі автобусты қай жерде келе жатқанын көрсететін приложениялар жетеді). Аязда көлік жаман қиналады, ертең шығынға батасыз. ГРМ үзіліп не амортизатор ағып кетсе.
Кедергілер: егер жеке кабинетіңіз болмаса, әріптестеріңіздің алдында киім ауыстыру ыңғайсыздау.