Арманымның бір ұшы "оңай" картасына тиеді екен...

«Егер мен өмірді қайтадан басынан бастап сүретін болсам, тура осындай өмір сүрер едім» - деген екен Онере де БАЛЬЗАК. Менің арманым да дәл осы пікірдегідей кейін өкінбестей өмір кешу. Мен осы мамандықта таңдамас бұрын көп ойланған болатынмын. Медицина, программирование, инженерия, архитектор, экономист – осы барлық салаларды айналып, құтты бір үйдің есігін таппай жүрген адам секілді едім. Осындай кезде журналист мамандығы – шамшырақ болып тұңғиық көк теңіздегі адасудан жетелеп алып шықты. 

Кеше автобусқа отырдым. Адам лық толы. «оңай» терминалы істен шығып қалыпты. Жақынырақ барып оқысам: «Ауысым аяқталды!» деп тұр екен, ал бақылаушы бір адам қалдырмай 80теңгеден жол ақысын жинап жүр. Кезек маған да келіп жетті. Мен Алмалыбақ ауылына жол тартқан болатынмын. Ол «Алтын Орда» базарынан біршама алыс орналасқандықтан 20 теңге қосып алады. 100теңге беріп 35 теңгелік билет алғанмен тең болдым. 
– Кешірерсіз, мен толыққанды билет құнын төледім ғой, неге менің қолымдағы билет сол 80теңгенің ½ бөлігінен де аз көлемде беріледі? 
– Сіз менің қолыма 100теңге берсеңіз, неге мен 80 теңгелік билет беруім керек? 
– Себебі мен белгіленген орыннан асып барамын. Егер мен базардың аялдамасынан түскен болсам, бәрібір билет беруіңіз керек болар еді. 
Жауап жоқ. Аз ғана кідірістен соң бір әйел қолма–қол төлемеймінге басты. 
– Менің артық ақшам жоқ, ал сіздердің «Оңай» терминалдарыңыз жұмыс істеп тұрған жоқ... 
Бақылаушы қарсылық танытқан жоқ: 
– Жарайды, төлемей–ақ қойыңыз. 
Мен біраз таңырқап тұрып қалдым. Сәлден соң бір ағай келіп – Арыздарыңызды ДИСПЕТЧЕР–ге айтыңыз! – деп діңкілдейді. Біраз ойланып ДИСПЕТЧЕР–ге қоңырау щалдым. Ол кісі біресе ананы, біресе мынаны айтып, соңында маған: 

– Егер сіздің «Оңай»карточкаңыз болса, ақша төлемей ақ кете беріңіз. Бастысы карточка болса болды,– деді. Телефонымды сөндіріп, дауыстап айта бастаған едім. Бақылаушы біреу емес, бірнеше екен аузымды аштырмады. Мен дауласып болмадым. Орамал оранған келіншек: «Қоя сал, бәрібір ұғып болмайды» – деді маған қарап. Ашуым келгені сондай мақала жазбаққа бел будым. Әрине, жылы жауып қоюыма болар еді, бірақ мен журналиспін ғой. Халықтың қамын ойлаушы, жоғын жоқтаушымын. Менің арманым да қаламы қарымды журналист болу. Кеше «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп: «Арман – алыс, мақсат – жақын. Алдыңа кішкене мақсат қойып соған жетуің керек, сонда сен арманыңа бір қадам жақындай түсесің» – деген болатын. Осы сөздер мені қанаттандырады, асқақ арманыма темірқазық жұлдызы секілді жетелейді. 

Арман – адамның қанаты. Кімде–кім армандай білсе, сол адамның жүрегінде жылуы бар түсінемін. Армандай алмайтын адам қараңғылық пен түнек теңізінде. Әлемді жарқын, жайдары, жарық етіп көргің келсе, бір сәтке арманға ерік берген жөн. Қарапайым армандардың өзі адамға жақсы көңіл күй сыйлап мотивация болады. Арман – арман болып қалмай, оны биік мақсатқа айналдырып, жүзеге асыратын болсаң, сенен мықты адам жоқ. Армандай білейік, достар. 



Бөлісу: