Арманымдағы университет

Молдабек  Назгүл Бақытжанқызы

ҚазҰУ университетінің, 2 курс студенті

Шымкент қаласы.

 

Арманымдағы университет.

“Білім - инемен құдық қазғандай”

     Бала күнгі арманымның қазіргі күні орындалатынын кім білген десеңші?!Шіркін, сол күні емтиханнан жоғары балл жинаған кездегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізіу мүмкін емес... Өзімнің арманыма, сүйікті оқу орныма түсуіме жақындағандай болдым. Ата- анама, армандағы ҚазҰУ деп, әрқашан айтатынмын. Арманымды, Алла қабыл етті. Бірақ, сол арманға жетуге үлкен қиындық болды, оны бұл жерде қозғап та керек емес сияқты. Түбінде Алланың қалауымен ҚазҰУ университетінің түлегі болдым. Мектеп жаста өзіме көп уәде беруші едім, егерде осы университетке түссем, сабақты жақсы оқимын деп. Расында да, мен армандағандай атына- заты лайықты әсем қалашық, менің жүрегімді жаулап алды.

     Студенттік кез, ол адам өміріндегі ең керемет,қимас, қызығы мол жылдар екенін ұқтым. Себебі қазір мен ҚазҰУ-дың 2 курс студентімін, пандемияға  байланысты барып оқу мүмкіншілігі болмай қалды.  Бірақ сондағы өткен 1 жылым, менің өмірімді түбегейлі өзгертті деуге болады. Әрине, 1 курста оқып жүргенде университетіммен танысу үрдісім иненің жасауындай ғана, сөздерден басталды. Аса көп уақыт өтпесе де, сол бір қалашыққа өзімнің үйім секілді, сиысып кеттім. Бұлай қатты бауыр басуымның себебі, ҚазҰУ- дың мұғалімдері... Осы орайды, осындай тұлғаларды тәтпіштеп айтқан дұрыс деп білемін. Біздің университетте көбінесе, көненің көзін көрген, жасы үлкен аға- әпкелеріміз де жұмыс жасайды. Мен оларды ҚазҰУ- дың мақтанышы деп ойлаймын. Құрылғанына көп уақыт болса да, бұл оқу орынның өз тарихы, өзінің жетістіктері, әлемдік аренаға өзінің орнын көрсете алған. Бір қызығы университетте көп ұлттар оқиды. Университет ректоры, ұжымы барлық мәселені қамтыған, яғни студентке барлық жағдайды жасаған. Мұнда оқитын әрбір студентке, шет елге шығу мүмкіндігі де қарастырылған. Басты талап, Ленин атамыз айтпақшы, “ Оқы оқы және оқы”.

     Бірінші көрген адамға өте керемет әсер қалдыратын бұл қалашықта, ғимараттар өте көп. Әр факультеттің өзінің оқитын, корпустары бар. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын, үлкен кітапхана бар. Бұл қалашықты, бұл армандағы ҚазҰУ- ды мен сөзбен айтып жеткізе алмаспын.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті- адамгершіліктің дәнімен сусындаған, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге теңіз болып тасыған, университетімғой бұл менің. Сонымен қатар, бақытымызды көп көрмей, көкірегімді оятып жүрген  ҚазҰУ оқытушыларына дән ризамын. Жоғарғы оқу орнына түскен сәттен ақ, жанағы айтқанымдай, тура жолға бағыттап отырған, Филология факультетінің, “ Шет тілі және әлем тілдер” кафедрасында, Гүлмира Баянжанқызы бастаған  ұстаздарымның бірі, елімізде үлкен індет болса да, соған қарамастан  Zoom желісі арқылы,студенттерге сапалы білім беріп жүрген - Айым Майбекқызына алғысым шексіз. Осы алған білімімді, алдағы уақытта да, сүт бетінде жүрген қаймақтай іріктеп, көкке көтеремін.



Бөлісу: