Армандай білу де ұлы даналық

Армандай білу де ұлы даналық
жеке
блог

Аты – жөнім Тасболат Сағыныш. Шынымды айтсам армандарым өте көп. Армандау - адамға тән қасиет. Адамның мақсаты болмаса ештеңе де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Өмірдегі ұстанымым: Егер ісім өнсін десең – ретін тап. 

Massaget.kz порталындағы байқауды көре сала қатысушы ұйғардым. Себебі өзімді жан – жақты танытқым келеді. Еліктейтін тұлғам - Мейіржан Әлібекұлы. Ол кісінің өзі сөйлесіп отырған адамға батыл, көкейкесті сұрақтар қоюы, экран алдында өзін еркін сезінуі, тұшымды жауабы мені қатты таң қалдырды. Мейіржан ағамды таңдағаным менде болашақта тірлігі тындырымды, мәтіні мағыналы, айтқаны алаштың мұңы, сөйлегені шындық болатын журналист болғым келеді. Бос уақытымда көркем шығармаларды оқып және әуен тыңдағанды ұнатамын. Алдағы уақытта Массагет порталында әр түрлі қызықты эстафеталар ұйымдастырылса жақсы болар еді.

Байқау туралы айтсам. Байқау тартысты әрі әділ өтеді деп сенемін. Осы байқау арқылы жаңа достар тауып бергені үшін Massaget.kz  ұжымына алғыс айтамын!

"Асау өзен, асылы,

Ағар бұзып арнаны.

Азайса да асылың,

Азаймасын арманың!" - деп жерлес ақын Қадыр Мырза Әлі жырлағандай армандарыңыз таусылмасын. Армандаңыздар ол міндетті түрде орындалады.