Адам басқа тіршілік иелерінен саналы түрде ойлайтындылығымен жəне армандай алатындылығымен ерекшеленеді. Армандау арқылы адамның өмірге деген құлшынысын артып ерекше сезімге бөленесің.
"Армансыз адам, қанатсыз құс пен тең" дегендей бұл өмірде армандамайтын жан сірə жоқ шығар. Сол тəрізді менің де көптеген армандарым бар. Солардың бірі Əсел Асанова, Марғұлан Ақан тəрізді блогерлермен танысу. Алайда бұл тілегім орындалу үшін өсуім қажет. Осындай армандарымның ең үлкені журналист болу. Болашақта бұл мамандықты игеріп, көптеген адамдарға көмектескім келеді. Бұл арманыма жету үшін өзіме мақсаттар қойдым. Соны сіздерге ұсынбақпын.
1. Алдымен өзімнің мінезіме аздап өзгерту жасау керек. Ұялшақ мінезімді ашықтыққа, ал жайбасарлығымды пысықтыққа алмастырғаным жөн. Себебі журналист əрқашанда бəрімен тез тіл табысып, берілген жұмысты уақытылы істеуі тиіс деп ойлаймын.
2. Асыл қазына - кітап дегендей, жылына кемінде 5-6 кітап оқуым керек. Өйткені кітап маған əрбір істің тереңіне үңілуге, қиын сәтте шешім қабылдауға жəне жақсы мен жаманды айыруға көп септігін тигізеді.
3. Маған жоғары дәрежеде ағылшын тілін меңгеру қажет. Бұл шет тілін білу қазіргі күнде заман талабы. Жəне де көптеген қажетті ақпараттар осы тілде жариялануда.
Əлбетте журналистика - қиын сала. Оны меңгеру үшін бұл қойған мақсаттар жеткіліксіз. Алайда бұл ең əзірше мен үшін ең негізгілері деп ойлаймын. Менің ойымша тек жай ғана армандап қоймай, оның орындалуын сеніммен қарап, еңбектеніп, діттеген мақсаттарымызға жету керек.