Арман дейтін - арғымақ (байқау)

Мақсат - арманның жетегі. Армандай білу де бір ғанибет. Арманды іске асыру үшін мақсат қою қажет. Ойсарлы мақсат қана арманыңды іске асырады. Міне, жадыраған жазда мен де алдыма мақсат қойдым. Ал көмекке Массагет досым келді. Массагетке дән ризамын.

Өзімді таныстары кетсем: Сапарова Назым Бекболовна. Ақмола облысы, Көкшетау қаласында 1999 жылдың 14 мамырында дүниеге келдім. Туғанымда жетіайлық яғна шала туыппын. Дәрігерлер ата-анама қызыңыздың үш күндік ғұмырым бар депті. Өмірге құштарланып, мен 36 күн ауруханада жатып, анам мен әкемнің арқасында адам болдым. Ол кісілерге айтар алғысым шексіз. Қазіргі таңда Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты М.Ғабдуллин ауылдық округінде тұрамын. Бұрын ауылымыз Пухальск деп аталған. Кейіннен Кеңес Одағының Батырының есімі берілді. Биыл 100 жылдық мерейтой болғалы тұр.

Биыл 9 сыныпты тәмамдадым. Алдымда 2 жол тұр. Біреуі 10,11 оқу және колледжге оқуға түсу. Әлі ойланып жүрмін. Өмірде мамандық таңдау, өз жолынды табу қиын екен. Болашақта не журналист не педагог-психолог болғым келеді.

Табиғатымнан қырсық, намысшыл, тәкаппар, алған бетімнен қайтпайтын бірбеткеймін, бірақ кез келген адаммен тіл табысып кетемін. Өмірлік ұстанымым да өзіме тән: өмірдің әр сәтсіздіктерінен сабақ алып, қиындықтарына төтеп беріп, жетістікке жете білу. 

Өзіме қызық менің сүйікті немесе еліктейтін тұлғам жоқ. Ешкімге еліктемеймін. 

Сүйікті хоббиім: кітап оқу. Кітап - асыл қазына. Әріптерді үйретіп, кітап оқуға бейімдеген ұстазыма және анама алғысым шексіз. Кітап 8 жасымнан серік етіп келемін. Қазірден бастап жеке кітапханама кітаптар жинап жатырмын.

Кесте тігу де өнерім бар. Кесте тігу үшін шыдамдылық қажет. Маған жеке осы іспен шұғылдану қатты ұнайды.

Бос уақытымда үй шаруасын істеймін. Бүгінгі қыз - ертеңгі өзге үйдің түтінін түтетін аяулы жар. Сондықтан қазірден бастап анамнан бәрін үйреніп жүрмін.

Массагетке күнде кіріп, өзіме қажетті мағлұматтар алып, пікір аласамын. Кезекті жаздың шуақты күнінде массагетке кірсем, байқауды көзім шалып қалды. Шарттарын оқып, байқауға қатысқым келді. Не себепті?-деген сауал туындайды. Себебі, бұл байқау біздің мақсаттармызды орындауға септігін тигізеді. Жетекшіге де керемет таңдай жасадым. Қарлыға әпке - парасатты, мейірімді бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы жан. Басқа да жетекшілер өз ісінің майталманы оларға топырақ шашпаймын. 

Томирис тобының мүшелері де жақсы қыздар. Тез тіл табысып кеттік. Міне, осы байқау біздің басымызды қосып, татулығымыздың берік керегесі болды.

Алдағы уақытта сүйікті Массагетімізде "Қайырымды іс" атты байқау ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл байқаудың басты мақсаты: адамның санасында адамгершілікті оята отырып, қайырымдылық жасауға баулу. 

Баршаларыңызға сәттілік! 



Бөлісу: