Әр күнім бір ертегі...

Алғаш жол апатына түскенде жеті жасар болуым керек. Содан бері он жыл өтіпті. Ол сәтті әлі ұмытпадым, құдды бір кеше ғана болғандай. Сол апат болатын күні мен жуынып алып, далада ойнап жүрген болатынмын. Бір кезде ағам мотоциклімен көрші ауылға суға барғалы жатыр екен, оны көре қалған мен қалмай еріп алдым. Ол кісі мені ерткісі келмеді, бірақ мен керек іздегендей қоймай қойдым. Көлік, мотоцикл дегендерге қатты қызығатынмын. Сөйтіп, жәйләп артқы орынға жайғастым. Баламынғо мәзбін әйтеуір! Сосын әйтеуір жер жолда келе жатырмыз, бізге қарсы бағыттан он алтылар шамасындағы жасөспірімдер мотоциклмен шыға келді. Сөйттіде біздің жолға баах етіп, кіріп кетті. Әлгі арада артта отырған мен ұштым, пендемінғо ұшып бара жатып көз алдымнан сүрген жеті жылым зуулап өтті дей салайын. Кинодан көріп алғандарым барма, әйтеу ойым өліп қалмасам болғаны деп тұр.

Содан не керек қонатын кезім де келіпті. Жәйләәп жерге қондым. Ойымда ештеңе жоқ. Көзімді ашсам, құр баклажкадан басқа ештеңе көрінбейді. Ептеп тұрдым, тұрдымда баклашкаларды жинай бастадым. Аяқ-қолым ауырсынып әрең келе жатыр екем, үсті-басым қанжоса. Жүре келе анаау жақтан адамдар көріне бастады. Қарап тұрсам, біраз жерге кетіп қалыппын. Әйтеуір оларға ештеңе болмапты, мені көре салысымен әлгә екі бала елес көргендей шошыды. Сөйттіде орысшалап бірдеңелерін айтып, кешірім сұрай бастады. Оны түсініп жатқан мен жоқ. Бар ойым баклажкаларды тез-тез жинап үйге қайту болды. Менің түрімді көрген ағам, әлгі балдарға ызамен қарап, сірә оларды да қимай тұруы керек. Бірақ бар ойы мені тездетіп үйге жеткізу болды. Сөйтіп, майысқан мотоциклмен кері қайттық. Қайтар жолда бір өзеннің бойына тоқтап, менің бетімдегі қанды әдемілеп жуып алдық. Өстіп жүріп үйге жақындадық.

Бір кезде ағам екеуміз ортақ шешімге келіп, ол кісі меннен бұрын кіретін болды, ал мен артынан бір жерге құлағандай боп кіретін болдым. Сөйтіп өтірік айтуға тура келді. Ағам кіріп, үйдегілер ағаммен әлек боп жатқанда артынан мен кірдім. Әрине, бұл ол кісілерге күтпеген тосынсый болды. Мені көре салысмен біреуі дәрігер шақырса, екіншісі сұрақ жаудыра бастады. Мен сонда да  ағама ұрысады-ау деп бірге еріп барғанымды айтпадым. Дәрігер біздің көрші еді. Тез жетіп келді. Келді де, менің басымды айналдырып тұрып орап тастады. Бетіме не болған десем, әлгі ұшып бара жатқанда мотоциклдің бір үшкір темірі көзімнің тұсын тіліп кетіпті. Сосын үйдегілер абыр-сабыр киімімді жинап тілген жерді тіктіру үшін мені аудандық ауруханаға алып кетті. Жедел түрде барғандықтан, кіре салысымен көзімнің тұсын тіге бастады. Бәрін сезіп жаттым, сау басыма сақина тілеп алғанымды да ойлап қоямын. Бір кезде шықтым, мені жеке палатаға ауыстырды. Дәрігердің айтуы бойынша Алла сақтап, көзім шықпай қалыпты. Бұл да бір менің бағым болу керек.

Сөйтіп жүргенде түн болды, үйдегілер кетті. Мен қалдым жылап. Медбикелер өтірік алдап қояды, ертең алып кетеді деп. Біраздан соң уколдарын сала бастады, мен қорқып қашпасым барма. Салғыздырмасаң алып кетпейді деп қояды. Амал жоқ, бір-екеуін алып алып жаттым, үйдегілерді күтіп. Таң атты. Мен ерте оянып алдым. Терезеден қарап, мені алдап кетті ма деп қоямын. Тіпті қашып кету ойымда болды. Қасымда кілең апалар екен. Сол апалармен бір отырып, бір тұрып жүрдім. Сөйтіп жүргенде үйдегілер келді. Оған мен мәзбін, қазір кетемін деп жүрмін. Қарасам пакет-пакет затты үйіп тастапты. Мен түсініп қойдым да  сол баяғы әдетіме көшіп жылай бастадым. Сосын әкем дәрігеріңнен сұран деді. Мен жүгіріп барып, солқ-солқ етіп, сұрана бастадым.

Сосын дәрігер маған үйдегілеріңді шақыр деді, мен қуана-қуана шақырдым. Мені үйге жіберді, күн аралатып келіп тұратын болдым. Менің қалмаймын, кетемін деп дода болып тұрған түрімді көрген дәрігерлер мені жылауық қыз деп атап кетті, сосын міне он жыл өтті, ол дәрігерді де көрдім. Қартайса да сол кез әлі есінде екен. Барған сайын мазақтап отырады. Әлгі апатқа келсек, үйге барсам ағам өзі бәрін айтып қойыпты. Түнімен мені уайымдапты. Өтіріктің арты бір-ақ тұтам деген рас екен. Мен сияқты өтірік айтпаңыздар! Қазірде ағамның арқасында шағын бір тыртығым бар. Жоғалсаң тауып аламыз деп жүреді. Бүгінде бой жеттім, бәрі өзгерді. Шүкір! Бұл да бір өмірімнің қызықты әрі ұмытылмас сәті болып қалды...



Бөлісу: