Сәлем достар! Өмірге ғашық қыз араларыңызға қосылды. Бұрын тұрақты түрде блог жүргізіуші едім, кейін қызығушылық басылып қалды. Ал, қазір жазуды сағынғандаймын. Сондықтан жатырқамай, кеудемнен кері итермей, құшақ жая қарсы алсаңыздар деген ниетім бар.
Блог деген күнделікқой. Сондықтан бұл бір жағынан өзіме есеп беру болсын, екінші жағынан сіздер үшінде пайдалы дүниелер жазамын деген сенімдемін. Үшіншісі, ой алмасып, пікір талас деген маған үнемі қызық.
Блогымда түрлі мәселелер қозғаймын деген ойдамын. Әзірге нақты жоспар жоқ, бірақ белсенді болуға тырысамын.