Уақыт зымырауда... Ал, мен әлі дым бітірмедім.. Өз - өзіммен сөйлесіп, не қалайтынымды да сұрамадым.. Өзіммен сөйлесуден үнемі қашамын, кейде, дым ойлағым келмейді.. Келеді, бірақ, қазір оның уақыты емес деп кері итере саламын.. Мүмкін, ойланып, шын қалауымды білгенімде қазір көп нәрсе тындырар ма едім... Сол үшін, күнделік жазудан да қашып кеттім.. Өзіме күнде "ақымықпын!" деген ой келеді.. Келгенін қайтейін, ол сөзбен қарсыласатын еш ниетім жоқ, "-иә, ақымақпын" - дей саламын.. Сондай "көнбіс" күндер өтіп жатыр.. Бір нәрсе үйренуге ұмтылғым келсе, "и, қойш, қазір оның уақыты емес" - деген ойлардан құтыла алар емеспін... Бұл нағыз жалқаулық немесе надандық! Иә, өзімнің сондай төмен сатыға сүйреліп бара жатқанымды сезсем де еш әрекет жоқ.. Бұл надандық емей немене?!.. Жеңу керек! Әйтпесе, жалқаулық бойыңа әбден сіңіп, өмір бойы осындай төмен күйде қалып қоюын мүмкін.. Көйлегіңнің көктігіне, тамағыңның тоқтығына мәз болып, арзан күлкінің жағасында.. Тіпті солай өліп қалудың өзі аянышты..
Өмірді тек сүйіспеншілікпен сүруге тиістісің! Себебі: өмір - сүйіспеншілік, ұмтылыс, күрес! Ал, осылай жүре берсең не тумаған, не өлмеген жай ғана затсың! Жансыз нәрсенің өзі біреуге жандыдан артық болып табылмай ма?! Тіпті, қоқыстың өзі пайдалы істерге жарайды! Қоқыстан төмен болғың келмейтін шығар?.. Жоқ, әрине! Ендеше, менің қолымнан әдемі өмір сүру келеді! Мен саған сенемін! Осы жылы әр күніме жоспар құрып, ізденіспен, талпыныспен өткіземін..
Ал, сіз не бітіріп жүрсіз?...