Ақылды болам десеңіз

 Бала кезде сөйлеуді тыңдау арқылы үйрендік. Ата-анамыздан сұрау арқылы көкірек көзіміз ашылды. Туыла салып кітап оқып білімді болған ешкім жоқ. Бар шығар бірақ бұл абсурд нәрсе. Айтайын дегенім, уақытты бос кетірмеу. Мысалы экзаменде белгілі бір уақыт ішінде барлық тапсырманы орындауың керек. Ол кезде әрбір секундың маңызды сол сияқты өмірде де уақытты солай пайдаланған дұрыс.

  Көшеде кетіп бара жатып, аудиокітаптар тыңдау, терме, ақындар айтысының MP3 вариантын жазып алу. Оны қоғамдық көлікте, біреуді күтіп отырғанда тыңдаған пайдалы. Тіл байлығының дамуына және
өлең жаттау керек болғанда, тыңдап алып барып, жаттасаң есіңде тез сақталады. Бекер даңғаза өлеңдер тыңдай берудің де берер түк пайдасы бола бермейді. Бірақ құлаққаптың да зиянды жақтары бар. Сол үшін құлақты демалдырып, 1 сағатқа тыңдаса онша зияны болмайды. 

Міне, менің өз-өзімді дамытудағы пайдаланатын әдістерім осы, сіздерге де бір көмегі тиіп қалар деген ойдамын!



Бөлісу: