Баршаңызға жалынды сәлем! Мен Ерболған Ақерке Қанатбекқызы жер жәннәті - Жетісу жерінде, дәлірек айтқанда Алматы облысы Талдықорған қаласында 2001 жылы 12 маусымда өмірге келдім. Қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің 8-сыныбын үздік аяқтадым.
Өмірлік ұстанымым: "Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ".
Жалпы менің еліктейтін тұлғам - асқар тауым әкешім. Әкем ұстаз, білдей бір оқу орнын басқарып отыр. Менің жадымда әкемнің мына бір сөзі сақталып қалыпты: "Ұстаздық - мамандықтардың ішіндегі ең ұлысы". "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" демекші, болашақта менде әкем сияқты ұстаз болғым келеді, сол себепті әкешім менің еліктейтін тұлғам.
Хоббиім сурет салу, қолөнермен айналысу, есеп шығару, ас әзірлеу.
Бос уақытымда теледидар көремін, велосипедпен серуендеймін, үнді биін билеймін, хоббиіммен айналысамын, физика пәнің сүйіп оқығандықтан, тағы да білімімді шыңдауға тырысамын.
Алғашында байқауға қатысуға әпкем себепші болды. Кейіннен байқау шарттарымен танысып, Шерхан ағаның жетекшілігімен құрылған топ құрамына кіруге шешім қабылдап, әрі жазғы демалыстағы уақытымды құр жібермеуге тырыстым.
Менің ұсынысым әртүрлі интелектуалды ойындар, олимпиадалар мен сайыстар, эстафеталар жиірек ұйымдастыру. Мысалы: қыздарға арналған "Массагет ханшайымы" сұлулық сайысы, жас ақындар байқауы т.б.
Байқау талабы өте қызықты, ауқымды. Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі оқушылардың басын қосып, жазғы демалыстарын ерекше әрі көңілді етіп өткізуге үлестерін қосып жатыр. Мысалы мен осы байқау арқылы әр өңірден достар таптым. Байқау ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.