Әлемде сан қырлы мамандықтар мен оқу орындары бар, кіндік қаным тамған жер Қазақстанның өзінде 180 дей оқу орны орналасқан. Мен Еуропа мен Азияны қосқан Жайықтың жағасындағы кішкене ғана ауылдан қазақ білімінің қара шаңырағы ҚазҰУ-нен өз орнымды таптым. Осы оқу орны, әлем рейтингісінде 150-ші орынға тұрақтап, әр оқушының арманына айналды. Бұндай жетістікті мен ата-бабамыздың қан мен тері деп білемін. Арман қуалап осы ҚазҰУ-нің қара шаңырағына түсудегі ең бірінші мақсатым елге адал қызмет ете алатын азамат атану болатын. Қазір ақпарат тараған заманда оныда қорғайтын адам керек екенің біле отыра, нар тәуекел деп “ақпараттық қауіпсіздік” мамандығына түсуге мақсат қойған болатынмын. Міне бабым мен бағым қатар шауып ойлаған мақсатыма жеткеніме қуаныштымын.
Қазіргі уақытта әлемде компьютерлік сауаттылықпен пен технологиялардың және ақпараттың артуымен осы заманды “ақпарат дәуірі” ретінде қабылдау кең көлемде тараған. Өзгерген заман адамзатқа жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа қатерлерді де туындатты. Соның бірі киберқауіпсіздік мәселесі болып отыр. Уақыт өте келе ғаламтор қолданушыларының саны артты және мұндай жағдайда ғаламтор қолданушылары орасан зор қылмыс түрлерімен бетпе-бет кездесті. Мысалы: сайттардағы жеке мәліметтерді ұрлау, банк есепшоттарындағы қаражатты электронды түрде жымқыру сияқты қылмыспен қатар үлкен компаниялардың сайттарын хакерлік жолмен иемденіп заңсыз түрде ақша бопсалау мен мемлекеттік жүйелердегі мәліметтерді қолды ету сияқты заңсыз әрекеттер көбейді. Жалпы осындай мәселелерге қарсы күресті күшейту өзектенді. Сол себепті “киберқауіпсіздік” ұғымы кең көлемде тарап жатыр. Киберқауіпсіздік – бұл электронды жүйелерді, желілерді, бағдарламаларды, құрылғылар мен деректерді кибершауылдардан қорғау мақсатында технологияларды, процестер мен басқару элементтерін қолдану. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуде бір үлкен мәселе бар, электронды құрылғылардың саны адам санынан көп болуы қиындықтарға әкеліп отыр, барлығын қорғау үшін өте көп ресурс қажет. Мұндай ресурсқа тек мемлекет ғана ие. Сондықтан қазір Қазақстанда және басқада елдерде осы мамандық иелерін даярлауға көп күш жұмсап жатыр. Бүткіл елде бірдей жүйемен оқытылғандықтан ағылшын тілі, математика, программалау пәндерін терең түрде бізге оқытып жатыр.
Мен 1-ші курс студенті болғандықтан әзірге математика мен ағылшын тілін оқып жатырмын, уақыт өте келе программалау пәнін оқуға кірісеміз. Әзірге екі пәннен алып жатқан білімді ерекше атап өте аламын, өйткені мен осы жоғарғы оқу орнына келгенде жаратылыстану математикалық бағытындағы пәндерінен жақсы дайындықпен келген болатынмын, бірақ өкінішке орай мен ағылшын тілінен осалдау болдым. Қатардан қалмау үшін тәжірибелі ұстаздардың арқасында қазір едәуір деңгейге жеттім деп айта аламын. Сабақтар қызықты әрі әсерлі өтеді, ұстаздар тек дәріс оқып ғана қоймай кітап арқылы және ойымызды ашық білдіретін жуан сұрақтармен біздің сөз қорымыз бен тіл байлығымызды дамытып жатыр. Басында сабақтар қиындық әкелгенімен қазір өзімнің және ұстаздардың еңбегі мен білімнің арқасында мақсатыма жеттім деп сенімді түрде айта аламын. Қазақтың маңдайына біткен батыры Бауыржан Момышұлы былай деген болатың: “мандай терің тамған еңбегін мен ақылың жұптаса қол ұстасып жүрмесе, тапқаның табанының астында тарыдай шашылады”. Осы сөзді ойға түйіп мынадай қорытындыға келемін: алдыға мақсат қойып сол мақсат жолында еңбек пен білімді ұштастырсақ түбі өз дегенімізге жетеміз және жасаған игі іс-әркеттеріміз алты алаштың қамы үшін болуы қажет деп есептеймін.
Максим Ерген, Жемилева М.М.