Google Play-ға жететін жолым

Бүгінгі күндерде, Android-пен жұмыс істейтін телефондардың саны миллиардтармен есептеледі. Осы телефондарға қосымшаларды жасағаныма екі жыл болып, өз тәжірибеммен бұл блогта бөлісемін.

Университетімнің бірінші курстың бірінші семестрде оқып жүріп, кәсіби білімімді арттыруға ниеттенгенмін. Біраз ойланып, мобильді технологияларды таңдап, смартфондарда жұмыс істейтін бағдарламаларды әзірлеуді үйрене бастадым.

Біріншіден, ғаламтордан бірнеше кітап қарап, оқи бастадым. Бірақ, екі-үш күннен кейін кітаптарды тастап, онлайн оқулықтарды аштым. https://startandroid.ru/ru/ - деген тамаша сайттан, өзімнің бірінші Android-қосымшаларды үйреніп жасадым. Сайтта жүзден астам сабақ және видеолар орыс және ағылшын тілдерде бар.

Бір айдан кейін, https://www.edx.org/ - деген сервисті тауып, онлайн курстарға тіркелдім. АҚШтағы Иллионис Университетінің Android курсты алып, өзімнің жаңа жылғы демалыстарда бітірдім.

Университетімнің екінші семестр басталғанда "Fundamentals of Mobile and Ubiquituous Computing" және де келесі семестрде "Mobile and Ubiquituous Computing Projects" - деген курстарды алып, жақсы бағалармен меңгердім. 

Жоғарыда айтылған үш курстарды бітіріп, өзіме керек тәжірибені іздеуге бастадым. Сүйтіп, бірнеше өз проекттерімді жасау керек - деп ойлап, екі апта уақытты алған, "Jumping Jack" - атты ойынды әзірледім. Ойынымды Google Play-дан бірнеше мың адам ұнатып, өз телефондарына жүктеген. Бұл ойын - менің Android Developer ретінде мансабымды бастайтын проект деп санаймын.

Мұхтар Әуезов: "Адам көркі - ақыл." - айтқан сөзі маған қатты ұнайды. Кейбір кездерде, адамның болашағы кішкентай ойдан басталуы мүмкін.



Бөлісу: