«Jas Otan Cases» жастар сессиясы аясында кездесу

Кездесуге спикер ретінде Алматы қалалық маслихат депутаты-Асия Айқанқызы Аканова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі -Искакова Мадина Қанатқызы, Болашақ бағдарламасының түлегі-Думан Құрманғазыұлы қатысты

Ашық алаңда спикерлер мен жастар Тәуелсізіктің басты жетістіктері, Елбасы жария еткен «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы және олардың жеке қалыптасу тарихтары туралы сөз қозғады.
Кездесудің соңында сөз алған Думан Құрманғазыұлы Мәңгілік Елдің тұғырлы болуы сапада екенін түсіндіре отырып, жастардың, әрбір Қазақстандық азаматтың өз ісін сапалы жасағаны біздің Мәңгілік Елдің дамуына өз үлесін қосқаны екенін түсіндірді. Сондай- ақ, әрбір жасқа қандай жұмысты қолға алса да сапалы нәтижеге жету керектігін түсіндіріп #sapaly_qazaqstan челленджін жолдады.



Бөлісу: