Мені де жетелейді бір Арман

Журналист болғым келеді.

 

Арман, я Арман деген сөздің өзі,ойымызды шарықтатып, желдей есіп алыстарға қанат қақтырып әкетеді.Осынау он сегіз мың ғаламға таралған әр адамның өзімдік ерекше арманы бар деп айтпасам қателеспегенім.Бірі өз пайдасы үшін арманға аяқ басса, ал екеншісі жақындары, немесе басқа бірі адамдарды қуанту үшін өз арманын іске асырып жатыр.Арман асу бел болса, сол белестің бір қыратында тоқтап қалған қаншама пенделер бар.Оны көзбен көріпте , біліпте байқапта жүрміз.Олар орта жолда арманынан бас тартқандар.Өз арманын өзі жойғандар.

  Ал менше? мен кім болам?Менің арманым қандай??

Мен Рустем Балтабаев Алматы облысы Сүмбе ауылында дүниеге келгенмін.Ер жете келе елмен қатарласып оқуымдыда жақсы тәмандадым.Бала кезде түрлі салаларға еліктеушілік басым болғанын растаймын.Бірақ мен өз Арманымды кейін тапқандай болдым.Көзім ашылып,кең дүниені тани келе, ел жұртыммен арласып, тыныс тіршілігімен тансып, көп нәрсеге назар аударадым.Не байқағанымызды білесізбе??

Менің елім тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге әйгілі болғанмен,аса айтарлықтай дамыған елдің қатарына кіре алған жоқ,себебі не деп ойлайсыз??

Себебі жастар адасып бара жатыр,кәзіргі жастар жаңылып, жаңа дәурідің ұрпағы емес, жаһаннамға жол салып бара жатқандай сыңайлы.Қоғамда елең еткізер жаңалықтарды тыңдап біліп көрсеңіз арын сатқан ару қыздар, жаға ұстасқан жас жігіттер, Баласын тастаған әйелдер,Қазынаны белшесінен жеген бастықтар,Бауырым деп басқан өзге ұлт өкілдері, т.б айта берсек таусылмайтын әңгімелер.Қайсы біріне тоқтау боламыз, Қайсымыз елдің ертеңін ойлап жанымыз ашып алаңдап жатырмыз.Ал қоғамдағы былық-шылықтарды халық бірін білгенмен , бірін білмегені анық.Себебі жасырып жабушылар көп екенінді ұмытпағайсыз.Ал сол хабарды халықпен бөлісіп, қоғамға өзегерістер әкелетін ол қашанда Журналистер.Ал менің Арманым Журналист болу.Жай ғана Журналист емес,Халқына пайдасы тиетін ,Көрінгенің айтқанын еріп айдауына жүріп кетпейтін ең мықты жүрналист болу ең құнды Арманым.Халқымның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын маман. Елдің көзі, құлағы, үні болғым келеді. Жаңалықтардың жаршысы, ақиқаттың астарын ақтаратын.Ел елді, ауыл аймақты бақылап елдің тыныс тіршілігі қандай?, анау жоғарыда отырған Бәке , Сәкелерге айтар міні бар мекен бір-біріне жол ашу біздің мақсатымыз."Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, халықпен мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика. Мен таңдаған Арманға жетер жолда білем талай сынақтар күтіп тұрғанын,бірақ бір ғана леп маған шабыт береді ол менің халқымның мұң мұқтажы.Бір жерде нендей оқиға болсада бейжай қалмаса екен, немесе жазатайым жағдайдан жазықсыз адамдар зардап шекпесе екен, біреудің алдау арбауына тұсіп қалмаса екен, деген менің асыл Арманым.Мен үшін Тарихты салушы да саралаушыда ол -журналист.

 Себебі:Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады. Н.Михалковский

Жүрегімдегі ақыл ой санамдағы саң мыңдаған сұраққа осы мамандық арқылы жауап табалам деген ойдамын.Менің бабаларым осы елдің ,жердің халықтың қамы үшін қиын қилы замандарды басынан өткізген,сол бабаларым ның көзінің қарашығындай сақтаған Елімді жерімді ,халқымды қорғап,оларды жарқын болашаққа бастау менің перзеттік ұлы міндетім деп білемін. 

-Ал үшінші бақытым Отан деген,

Құдай деген кім десе Отан дерем,- деп ақиық ақын Мұқағали атам айтқандай бұл елдің бағына біткен перзент болуда арман.

  Журналистка - менің таңдағаным, ал мен қателесіп таңдаған емеспін.Мен үшін әр кез маңызды,Өрнектеп салу әр ізді.

Қалай болмасын, мені өз Арманыма жетуге міндеттімін және мен оған жететініме сенімдімін. Қазақта сөз бар "оқталмаған мылтықта бір атылар"- деген.Әйтеуір жарық етерім бір анық.Сара жолдың салмағын көтеріп жүруге мен әр қашан да әзірмін.

 Мені де жетелейді бір Арман!!!



Бөлісу: