Достарыма...

Достарыма...

Түсінетін қашандағы дос жанын,
Қайдасыңдар дархан көңіл достарым.
Әр күн сайын альбом бетін ақтарып,
Ұмытпаймын шалғай жақта дос барын.

Сендерменен жайқалады жас жаным,
Сендерменен ұқтым өмір астарын.
Еске алғанда өткен күндер беттерін,
Ұмытпаймын шалғай жақта дос барын.

Талай талай қызықтарға бөлеген,
Шабыттыма шабыт қосып жебеген.
Сендерді ойлап хат хабарсыз жүргенде,
Құлазиды бала көңіл берекем.

Олар барда өмір мына өзгерек,
Жұмбағы көп тіршілікте дос керек.
Дос болмаса жалыны жоқ шоқтайсың,
Сондықтанда "ДОС"дейтұғын от керек.

Мақсаттарға жол салып ау күнде біз,
Армандарға қанат қақтық бірге біз.
Бүгін міне бала сүйіп,жар сүйіп,
Шаңырақ боп қаланды ғой іргеміз.

Өмір өзен өз арнасын төседі,
Өткен күннен сағыныш жыр еседі.
Достар,достар бас қосайық келіңдер,
Жарқын күндер еске түссін кешегі.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.



Бөлісу: