Әжем туралы

Мен үшін орны бөлек жандардың бірі – әжем. Оның мені шексіз жақсы көретіндігі сонша, қайда жүрсе де менің жетістіктерімді жұр арасында аңыз ғып таратып жүреді. Осындайда өз-өзімді жұлдызбын ба деп ойлап қалатыным бар. Ал менің  әжеме деген махаббатым  Гималай  тауынан биік, Тынық мұхитынан терең. Немерелері мен шөберелерінің қызығы мен шыжығын көріп жүрген әжемнің сірә арманы жоқ шығар. Әйтсе де , бұл күнге жету үшін әжемнің көрген қиындықтары жоқ емес .Балалық шағының талай өмірді жалмаған сұм соғысты тұспа-тұс келуі , өмірлік жарының өмірден ерте кетуі кез – келген жанның жүрегіне жара салмай қоймасы анық. Бірақ қайсар әжем бар қиындықтарға төтеп бере алды.Көргені мен білгені көп болғандықтан оның әрбір сөзі мен ісі тұнып тұрған үлгі – өнеге. Сіздерге әжеме қатысты оқиғаларды баяндасам…

   Қателеспесем, 6  сыныптарда N15 С. Карабалин атындағы мектептің атынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға баруым керек болды. Олимпиада сағат 8:30 да  басталады . Неге екенін білмеймін, әншейінде ерте тұратын отбасым сол олимпиада болатын күні қырсыққанда кеш тұрды. Сонымен бірге таң атқалы бойы телефон арқылы қоңырау шалғанда ешкімнің естімегендігін айтсайшы.  Әйтеуір, әжемнің оятқанына ризамын. Мен бар жылдамдықпен  жуынап және тез киініп, таңғ ы ас ішпестен мектебіме жүгірдім. Білесіз бе, менің мектебі мен үйінің арасы 5 минуттық жер. Жап – жақын жереде тұрып кешігуімнің өзі ұят. Мектепке барсам,  олимпиадаға қатысатындар әлдеқашан кетіп қалған екен. Осылайша қабағымнан қар жауып, « Сонда еңбегімнің еш кеткені ме?Ертең қалай мұғалиманың бетіне қараймын?» деген секілді ойлар жанымды жебідей жеді.Үйге қайтар жолда әжемді кездестірдім. Шамасы ол менің жағдайымды жіне не болғанын айтпасам да , қас-қабағыма қарап түсінген сыңайлы. Жолда келе жатқан көлікті тоқтатты да маған :

--Әнел, кел отыр. Сол олимпиадаға кеттік-деді.

--Әже үлгереміз бе?

--Әрине.

  Сөйтіп мен сол көлікке отырдым.Көлік жүргізушісі жұмысына кешіксе де әжемді сыйлағандықтан бізді апарауға келіскен екен . Сөйтіп олимпиада өтетін мектепке жеткенде мектеп есігі  1 минутардан кейін жабылайын деп жатыр екен. Әжем екеуіміз бар пәрменімізбен жүгірдік. Шынымды айтсам, менің әжем сексеннің сеңгіріне келіп қалса да,  жүгіргенде алдына жан салмайды.

---Әнел ,бол ,тез! Жап-жас боп кемпірлер сияқты жүргенің не?

--Жоқ әже!Мен жәй ғана үлкеннің жолын кеспейін деп жәй жүріп келе жатырмын

---МММ,  жеңілгеніңді мойындағын келмей ме?

Мен ары қарай жауап беріп үлгермедім . Неге дейсіз бе? Әжем осы сұрақты айтып жатқанда мен мектепке кіріп үлгерген болатынмын. Бұл мектепке кіру маған бару керек кабинетті табудың қасында түк е болмай қалады. Екі қабатты үлкен ірі бейтаныс мектептен кабинетті табу оңай дейсіз бе? Мен бір апайға:

---Кешіріңіз, 6 сыныптардың қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадасы қай жерде болады?-деп сұрадым.

---Соңымнан жүр,-деді ол мейірімді үнмен.

      Сөйтіп мен сол апайдың соңынан еріп келемін.Іштей «Уф, жақсы болғанын қараш .Мына апай болмаса менің күнім не болар еді?»деп ойлаймын. Апай бір кабинентке алып келді.Апайға алғысымды білдірдім де, сол кабиненттің есігін ашып қалсам, мен үшін үлкен сенсация болғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соншама қандай сенсация дейсіз бе? Тұңғыш рет құрдастарымның бойы мен қатарлы болғанда қуанғанымды айисайшы! Есімді білгелі бері мен өз құрдастарымның жанында өзге кішкентай сынып оқушысы секілді боп көрінетінмін.Тіпті қазір менің 8 сыныпта оқитыныма  не сыныптастарымның менің сыныбым екеніне ешкім сенбейді не болмаса таңырқайды.Енді мен баяндап жатқан оқиғаға оралсақ.

      Сөйтіп мен бір партаға жайғастым .  Олимпиада тапсырмалары таратылғанда мен әдетімше соңғы тапсырма , яғни эсседен бастадым. Кейін одан бұрынғы тапсырмаларды қарасам өлең үзіндісі берілген. Оның астына «Өлең авторы мен атауын тап.» деп жазылған . Неге ұсақ түйекті баяндап жатыр дейсіз бе?Себебі бұл - 4 сыныпта өткен Қасым Аманжоловтың «Мен соғысты жек көремін» деген өлеңі.Мен қағаздың сыртын қарағанда «4 СЫНЫП» деген жазуды көргенде ашудан жарылуға шақ қалдым. Білесіз бе мен барлық тапсырманы орындадым ғо.Мен кезекші апайға:

---Кешіріңіз, бұл 4 сынып па? – дедім.

---Ия, не болды?

 --Мен байқамай басқа кабинентке кіріп кеткен екенмін.- дедім де кабиненттен атып шықтым. Шықсам мені манағы кабинентке алып келген апай тұр екен.

-- Апай, сіз мені неге 4  сыныптың кабинентіне алып келдіңіз?Мен сізге 6 сынып деп айтым ғой.

-- ААА, мен сенің бойына қарап …

---Ар жағын айтпай-ақ қойыңыз. Одан да 6 сыныптың кабинентіне жол нұсқаңыз

--Бірақ сен жарты сағат ішінде үлгересің бе?

--Қолымнан келеді

---ЖАрайды,-деді де мені кабинентке ертіп келді.

         Есікті ашып қалсам оқушылар менен біршама ұзын екен ғой. Манағы сенсация болған қуанышымның әп-сәтте жоғалғандығын қараш.

----Кешіккенім үшін кешіріңіз.

---Тапсырма қағазын ал, - деді кезекші мұғалім.

      Мен қағазды алдым да бос партаға жайғасып дереу тапсырманы орындай бастадым. Мен тапсырманы бітіре алмай арпалысып жатқанда оқушылардың басым көпшілігі бітіріп кабиненттен шыға бастады. Бір кезде айналама көз жүгіртсем менен басқа ешкім жоқ. Жо-жоқ, несіне өтірік айтып отырмын сіздерге?Тағы бір адам болды.Кезекші апай. Ең соңғым секунда мен эссені нүкте қойып бітірдім.

     Үйге қайтқанда мен отбасыма қалай олимпиадаға барғанымды және қалай жазғанымды айтып бергенде бәрі күлкіден жарылды.Сары өңді екінші  сіңілім Тоғжан:

--Айттым ғо саған турникке тартыл деп.

--Өзіңде керім ұзын емессің ғой,-дедім мен.

--Мен дене тәрбиесі болғанда ең басында тұрамын,-деді Тоғжан.

Мен айтарға сөз таппағанда үлкен сіңілім Әсел :

--Қойшы, өткенде көрдім ғо сені. Соңынан санағанда ғана сен бірінші тұрасың,-деді.

Осы кезде ішегім жарылғанша күлгенде әжем келіп бетімен сүйіп:

-Құттықтаймын!-деді.

Осы сәтте анам мен әкем де «Құттықтаймын!Жарайсың!» деген секілді жылы-жылы сөздерін жаудырып жатыр.

---Не үшін?

--Жаңа ғана апайын соғып сенің олимпиададан 1 орын алғаныңды хабарлады,-деді анам.

--- Шын ба анашым?- деп төбем көкке жеткендей қуандым.

---Әже сіз болмасаңыз мен 1 орын алмас та едім.Сізге көп рахмет,-дедім де әжемді құшақтап алдым.

         Көрдіңіз бе, менің әжем әлемдегі ең керемет жан екендігін?! Әжелер деген ерекше халық қой . Айтпақшы, жақында 9 мамыр – жеңіс күні ғой. Әжемді құттықтауға дайындалуым қажет …



Бөлісу: