Әкемен қызының арасын қалай жақындатса болады?

Анонимно болсыншы.  Сәлеметсіздерме маған әкілік махаббат жетіспейді. Әкеміз бізді қатты жақсы көретінін білеміз бірақ сол сезімін көрсетпейді біздің бар жағдайымызды жасап, ешкімнен кем қалдырмай өсіріп бағуда біз не айтсақ соны алып береді.Әкемді жамандағаным емес менде ол кісіні қатты жақсы көремін осыншама жасап жүрген қамқорлығы маған жеткіліксіз мен әкеммен ашық сөйлескім келеді кей-кездері  болмаса былай көп сөйлесе бермейміз. Әкеміз танертең жұмысқа кетеді де кешке келеді тамағымызды ішіп болғансоң жатып демалады әңгіме айтыпта үлгермейміз ұйықтап қалады. Үйге қонақтар келгенде еркелетіп бетімнен сүйіп қояды біз мәз болып қуанып қаламын. Әкеміздің мінезі тұйық өзі басқа адамдармен де көп әңгіме айта бермейді. Мен анаммен қалай сөйлессем әкемменде солай сөйлескім келеді. Әкем жұмыстан келгенде барлығымыз тамақтарымызды ішіп болғансоң әркім өз бөлмесіне кетіп қалады. Көп болды отбасымызбен де ешқайда шықпағанымызға, әкеме бір жерге барайықшы десек қолым тимейді деп жауап береді кейде мүлдем үндемейді. Кейде туыстарымның үйлеріне барғанда қызының әкесімен ойына келген тақырыпта әнгіме айтып бір-бірімен қалжыңдасып,күліп жатады соларды көріп жүрегім ауырады кейде жылапта  аламын неге бізде олай емес деп. Әкемді қанша әнгімеге тартып көрдім түк шықпады не айтсам соны алып бередіде қояды.  Маған ұнамайтыны әкемізді қалай өзімізге жақындатсақ болады??



Бөлісу: