Өмір - өзен

Өлеңнен өміріме алам жылу,

Елу екі жастамын жылым ұлу.

Қос ұлым бар қос қанатым өмірдегі,

Әйел тегі баламен болар сұлу.

 

Елу екі өмірімнің бір белесі,

Көрінер көз алдыма тек елесі.

Өмір - өзен қарсы жүзсем ағынға,

Шайқамасын болашақтын ақ кемесі.

 

Жасымнан мен өлеңді сүйіп өстім,

Жырлап жарқын өмірдің күйін кештім.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Өлеңім сәні болған жиын-кештің.



Бөлісу: