Анашымның тәрбиесі

    Асқабақ, кәді , қияр – осы үшеуі біздің жақта жақсы өседі. Жылда көктемде анам түрлі көкеністі отырғызып, өсіріп  баптаудан жалыққан емес. Қияр, қызанақ, қызылша, кәді, асқабақ, сәбіз, қауын, жуа,шалғам (редиска) және ең бастысы картоп – барлығы аулада, бақшамызда жайқалатын еді. Анам өсіріп күтуден  шаршамайтын. Ал біз болсақ су құйғанға ренжитінбіз. Төрт қыз бір-бірімізге сілтеп, бірімізді екіншіміз сүйреп әйтеуір құятынбыз.

Күн қызуы қайтқан кешкі мезгілде немесе күн ұясынан көтерілмей осы жұмыс кезегін күтіп тұратын.  Анам көкеністердің арам шөбін тазалауға рұқсат бермейтін. Есесіне картоптың қурайын ыстықта пысылдап жүріп жұламыз. Жазғы маусым дәл осылай өтетін. Ал күзгі науқанда жинап, теру басталады.  Бұл алдыңғыларға қарағанда әлдеқайда қызық. Қиярды жинап жүргенде кім үлкенін тауып алса, сол үлкен бір мәртебеге ие болғандай кеудесін көтеріп, басын шалқитып тұрып мақтанатын. Кейін «үлкенін мен таптым» - деп таласамыз. Қиярды шелектеп, қызанақты жәшіктеп жинаймыз. Ал асқабақ пен кәдінің үлкендігі қарбыздай немесе доптай болатын. Әсіресе,асқабақтар баскетбол добындай ауыр болатын.

Еңбектің осындай жемісін көрген кезде бір тоқмейілсіп қалатынбыз. Сол үшін анама алғысым шексіз.Еңбекқор болуды сөзбен айтып қана қоймай, ісімен дәлелдеп келеді.   Әрдайым ақылын айтып, адалдылыққа үйретеді. Мұны үйден алыстаған сәтте ұғынып  жатырмын. Бір жағынан  енді ғана түсініп жатқаныма ұяламын. Ойлаған сайын өз-өзіме іштей ант етемін. « Анамның берген тәрбиесін ақтап, болашақта маңдай теріммен еңбек етіп, жұмысымды адал атқарамын» - деп.

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: