Танысайық!

Сәлеметсіздер ме, массагеттіктер?! Өзімді таныстыра кетсем.Менің есімім Сымбат, тегім Төреқұлова. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 2-курс студентімін. Мамандығым - журналист.  Негізі массагетке өткен жылы тіркеліп,блог жазуды бастамақшы болғам. Қалай жазу керектігін түсіне алмай әрі-бері іздеп, 1 жылдай жүріппін ғой. "Дұрыстап тіркелу керек, оқырман болып басқаша, жазу үшін басқаша тіркеледі екенсің"-дегенді естіп, қайтадан тіркелдім. Әйтеуір таптым "Блог жазу" тетігін. Сөйтіп, енді қалай шығады екен блогым деп асыға бірінші жазбамды жаздым да жарияладым. Өзімді таныстыруды да ұмытып кетіппін.(Айыпқа бұйырмассыздар деген ойдамын.) Сондықтан өзім жайлы мәліметтерді енді жазып отырмын. Блог жазуды енді бастадым. Білгенім бір тоғыз болғанымен, білмегенім тоқсан тоғыз. Қателіктерімді түсіндіріп, дұрыс жол сілтей отырсаңыздар екен.

Кіріп, оқып, танысқаныңыз үшін рақмет!



Бөлісу: