Тәттіні ұнатсаңыз (байқау)

Мен осы  аптадағы  екінші  блогымды  жариялағалы  отырмын. бұл  блогта  мен тәтті бәліш  әзірлеймін және   мақсатыма  қалай  жетіп  жатқанымды  дәлелдеймін.

Менің тәтті бәліштерімнің  құрамы:

- 2 ст сүт;

- ашытқы 0,5 ст.л

- ұн 2,5 ст

- тұз 0,5 ст.л

- 2 дана жұмыртқа

- қант 2ст

- сүзбе (творог).

Алдымен сүт,ашытқы,ұн, тұз, 1 жұмырқа, қантты араластырып  қамырын  дайындаймыз.

Дайын болған қамырды жайып үшбұрыш  бөліктерге бөлеміз.

Сүзбе (творог) пен қантты араласытырып арасына жағып ораймыз. Бетіне  жұмыртқаның сарысын   жағамыз.

Пешке  қойып дайын  болуын күтеміз.

Осымен біздің  бәлішіміз  дайын. Ас  болсын. Тәттіні өз  қалауларыңызша қосуларыңызға  болады.



Бөлісу: