Алға қойған мақсаттан ешқашан бастартпау қажет (байқау)

Сәлеметсіздер ме барша оқырман достар! Байқауда бәріңізге сәттілік тілеймін.Өзім жайлы қысқаша мәлімет берейін.

Мен Арайлым Сауранбай Кенжебай қызы.17.08.1999 жылы дүниеге келдім.Биыл 11 сыныпқа аяқ бастым.ҰБТ-дан жоғары балл жинап ата-анамның үмітін ақтасам деймін.
Өмірдегі ұстанымым:"Жан тәніңмен,жүрегіңмен қалаған іспен айналыссаң, онда мүмкін емес жағдайда болуы мүмкін" . 

Мен еліктейтін және пір тұтатын адаммым Әбу Насыр әл-Фараби. Әбу Насыр әл-Фараби көптеген тілдерді жетік меңгерген. Менде сол сияқты көптеген тілдерді меңгеріп, болашақта мықты аудармашы болғым келеді.

Менің хоббиім: Тәтті тағамдар пісіргенді ұнатамын, әсіресе торттарды. 

Мен бос уақытымды кітап оқып, ҰБТ-ға дайындаламын және ағылшын тілін үйренемін. 

Осындай байқау ұйымдастырғандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет. Бұл байқауға қатысуымның басты себебі ағылшын тілін үйренсем деймін  және де жазды осындай қызықты байқауларға қатысып қызықты өткізгім келеді.

Массагет порталы енді студенттер де оқушыларда қатыса алатын байқау ұйымдастырса деп едім. Студенттермен және оқушыларымен байқау қызықты болады деп ойлаймын.

Байқау өте керемет ұйымдастырылған. Әркім өз ойын ашық білдіре алады. Кез-келген адамның қатысуына болады. Бастысы оқушыларға өте пайдалы



Бөлісу: