Бастау

Қайырлы күн! Мен Асқарбекұлы Аят, 2000 жылы 3 наурызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім. Абай атындағы №26 орта мектебінің 9 сыныбын бітірдім. "Сапалы біліммен ел болашағынның кірпіші болып қалануды" өмірлік ұстанымыма айналдырып алға қойған мақсаттарыма қол жеткізуді қалаймын. Жастайымнан əдебиетке, поэзияға құштар болып өстім. Хан Тəңірінің Мұзбалағы Мұқағалиды пір тұтамын. Мақатаев өлеңдерінен тылсым бір күшті, өзгеше энергетиканы сезінемін. Бос уақытымда Мұқағали, Абай, Фариза сынды ақындарымыздың жырларын оқыймын, өлең шығарамын. Менің хоббиім ән айту, достарыммен сөйлесу, кітапханаға бару, т.б. Ал, "Мақсатына Массагетпен бірге жет!" байқауына қатысудағы басты себебім, басқа қатысушылармен тәжірбие алмасып, ой бөлісуге негізделді. Өзім поэзия әлеміне бет бұрып жатқан жас өрен болғандықтан Massaget.kz порталында жас ақындардың жыр мүшәйрасы көптеп жарияланып тұрса деймін. Өзім қатысып жатқан "Мақсатына Массагетпен бірге жет!" байқауы оқушы ойын дамытуға, бос уақытын тиімді өткізуге, тіл байлығын дамытуға үлкен септігін тигізуде! Барлық қатысушыларға сәттілік тілегім келеді!



Бөлісу: