Анамды " әпше" дейтінмін

Өзімнің туған  анамды " әпше" дейтінмін. Әпше дегенімнен Оңтүстіктің қызы екенім білініп тұрған  шығар. Олай атайтын  себебім апам өзінің бауырына басқаннан болуы керек. Үйдің тұңғышымын. Ал, апамды " мама" деймін.Көп адамдар таң қалатын. Анасын " әпше" деп айтқаны қалай деп. Туған-туысқандарым олай айтпа  деп ұрысатын. 11-сыныпқа дейін  солай атап  келдім. Бір күні ағамның әйелі " Әсел сен  үлкен қыз болдың. Өзіңнің туған анаң  бар. Неліктен әпше дейсің? Кейбір анасы жоқ  балалар мама деп айтуды армандайды. Кейін тұрмысқа шыққында әпше деп жүргенің ұят  емеспе"- деді. Анамның өзі мені "мама" деп айтшы дейтін. Осыны өзімде ойламаппын. Мама деп әрең үйрендім. Қазір  4 курс аяқтағалы отырмын. Үйреніп қалған  ауыз кейде " әпше" деп айтып қаламын. 



Бөлісу: