Сіздің сезімталдық деңгейіңіз қандай?
Адамдар өзі-өзінің психологы болып келеді. Демек, сіз бен біз өзіңіздің қандай екендігімізді өзгеден гөрі көбірек білеміз. Ал, мына сұрақтар одан әрі өзіңізді анықтай алуға септігін тигізеді.
Нұсқау: Сұрақтарға жауаптар беріледі, “иә” - 1 ұпай; “жоқ” – 0 ұпай.
Ø Сіздің сүйікті жыл мезгіліңіз бар ма? Ø Сіз кемпірқосаққа қарағанды ұнатасыз ба? Ø Сізге жаңа тағамнан татып көрген ұнай ма? Ø Күннің әдемі батуы сізді таңғалдыра ма? Ø Сізге басқаның жанасып кеткені не массаж жасағаны ұнай ма? Ø Жақсы көретін адамыңызға қолыңызбен тиісу, сипауды ұнатасыз ба? Ø Ән әуенінің сізді жылатқан кездері болды ма? Ø Кейбір дауыстар мен иістер бір оқиғаларды есіңізге түсіре ме? Ø Әтір иісі сізді құштарландыра ма? Ø Сізге кейбір маталарды ұстаған ұнай ма? Ø Денеңізге жібек матаның жанасуы әсер ете ме? Ø Жаңа түскен қарда серуендеген ұнай ма? Ø Күннің бетіңізге түсіп, қыздырғаны сізге ұнай ма? Ø Қатты, шулы дыбыстар сіздің жүйкеңізге әсер ете ме?