Мақсатым мені алға жетелейді! (байқау)

Баршаңызға сəлем! Бұл менің 2-інші блогым. Талапқа сай 2-інші блокта мақсатым жайлы жазу керек болған. Ендеше мен алға қойған мақсатыммен бөлісейін. 

Менің мақсаттарым:

1. Өнерімді одан əрі дамыту.

2. ҰБТ-дан жоғары бал алу.

3. Талғамы жоғары, сәнді аруға айналу.

Бұл мақсаттарды қойған себебім:

1. Менің болашақ мамандығым – суретші. Бұл жайлы 1-інші блогымда толығырақ  жазған болатынмын. Осы сурет өнерімді əрі қарай дамытып, Қазақстанның беделді суретшісі болғым келеді. Ол үшін көп еңбектену керек деп ойлаймын.

2. ҰБТ-дан жоғары бал алып, өзі армандаған ЖОО-ға түсу кез-келген оқушының арманы деп ойлаймын. Менің арманымдағы ЖОО – Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы.

3. "Əйел – əдеміліктің символы" демекші, қыз баланың талғаммен киініп, əдемі болып жүргенін дұрыс деп санаймын. 

Осы мақсаттарыма жету үшін мен төмендегідей əрекеттер жасаймын: 

1. Өнерімді одан əрі дамыту үшін: майлы бояумен 2 сурет саламын. Уақытым жетсе кішігірім 2-3 сурет салатын боламын. Қолөнермен айналысамын жəне оны оқырмандармен бөлісіп отыратын боламын. 

2. ҰБТ-ға күніне 2 сағат дайындаламын. Мүмкіндік туып жатса математика пəнінен қосымша сабақ аламын. 

3. Талғамы жоғары, сәнді аруға айналу үшін: өзіме жарасымды макияж жасап үйренемін. Сəн əлемі туралы қызықты ақпараттар жинаймын. Сəн үлгілерін жасап көремін. 

Жекелей жəне топтық жеңістің екеуі де мен үшін маңызды жəне бұл байқауда жекелей де, топпен де жеңіске жеткім келеді.

Байқауға қатысудағы мақсатым: жазғы демалысты пайдалы істерге жұмсап, өзімді еңбекқор етіп тəрбиелеу. Осы байқаудан жақсы нәтиже күтемін. 



Бөлісу: