Өзгерісті өзіңнен баста
блог
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған.
Мен бұрын: "Бәрінің өзгеретініне үміттенемін" деп айтатынмын. Сонан кейін бәрінің өзгеруі үшін өзімнің өзгеруім керек екендігін түсіндім.
Өзімнен басқасының бәрі тезірек өзгеріп,өмірімде қызықты сәттер көп болса екен деп армандайтынмын. Білімімді арттыра түскен кезде, ешкімнен ешнәрсе күтпей,өзгеруді ең алдымен өзімнен бастау керек екенімді ұқтым. Өмірге өкпелеп,күнделікті қайталанатын бір іс-әрекеттерді жасап жүре беруге болады. Әрине,бұл әркімнің өз таңдауы. Десе де,өзгерісті қалаған адам күнделікті жасайтын жұмыстарының санын арттырып,өзіне ұнайтын істермен айналысуы тиіс. Бір күніңізді барлық мүмкін істермен әсерлеп көріңізші, бұны неге ертерек істемедім?-деп өзіңізге сұрақ қоясыз.
Берілген әр күніміз-сый. Өмір онсызда қысқа. Қамшының сабындай өмірді қалағаныңызша сүруге, қызықты сәттерге толтыруға тырысыңыз. Уақыт шегіне жетіп, шыбын жан көкке ұшарда, өміріңіз көз алдыңыздан өтіп, өкініш өзегіңізді өртемесін…