Заманына қарай адамы, адамына қарай заманы дегендей өзгерген заманда адамдарды тану қиынға соғуда. Шаштарын неше түрлі етіп сәндеп немесе бояп алу ол барлық қыздарды кездеседі. Қазақ қыздары тобыққа жеткен қолаң шаштарын неге сақтамайды? Менің бұл сөздерім кейбір қыздардың намысына тиер, бірақ ащы болсада шындық осы. Мен оларға осылай шындықты бетке айтқандығымнан менімен араласпай кеткен қыздар да бар. Мен оларға: "Егер біреу сенің мініңді айтып жатса қарап жүрме, керісінше өз қатеңді түзетуге тырыс" дер едім.
Осы есерлікті Мұқағали Мақатаев атамыз қалай жеткізерін білмей, өлеңдетіп кеткен деседі.
Қарындас неге қидың қолан шашты?
Біртіндеп неге жұлдын қиғаш қасты?
Бетіңе бірінші сорт ұн жақсаң да
Баяғы қара жүзің ағармапты.
Ернің де кезеріпті қан ішкендей
Шашың да қып - қызыл боп қызарыпты
Бокске қатыстың ба қарындасым
Көзіңнің айналасы көгеріпті.
Жоғарыда айтылғандай қас теру сәнге айналған. Көшеден өзінің табиғи сұлулығын сақтаған қызды таппайсың. Менің таң қалатыным неге олар Алланың берген табиғи сұлулықтарын сақтамайды? Қазақ қыздарына деген ақын, жазушыларымыздың айтқан сөздері бар емес пе? Мысалы ай десе аузы, күн десе көзі бар, көркіне көз тойғызар дегендей.
Ерін мәселесі ол бір үлкен дау. Еріндерін шиедей қып қызыл қылып бояп алатындары несі а? Мейлі боясын бірақ ол өзіне жарасама онда шаруасы жоқ. Неше түолі далап түрлері шығып жатыр. Avon және Oriflame копанияларының шығаратын тауарларына барлығы үйір болып алған.
Көздері кішкентай болса оны үлкен көрсету үшін қолдарынан келгенін аянбайды. Карандаш дейме??түсінбеймін. Көзінің айналасын қап қара қылып бояп алады. ӨЗінің еліктің лағындай мөлдіреген көздеріне бояуды аямай жаға береді.
Тырнақ....ой ол туралы айта бастасам басым қатып кетеді...Салонға барып, маникюр жасатады, лакпен боятқызады....Оның барлығы тырнаққа ауыр тиеді екен...Мен өзім лак атаулыға қызықпаймын..Тырнағымды боясам жай түссіз лакпен боямын оның өзінде жаз айларында....деп өзін мақтап кояд дима....
Сонымен жеті рет өлшеп, бір рет кес дегендей менің айтайын легенім қазіргі қазақ қыздары өздерін жөнге салса деймін. Біз яғни арттарыңыздан келе жатқан сіңілдеріңіз сіздерге қарап өсеміз. Сондықтан сіздерді қазірден бастап ойланар деген үмітпен жазған блогым болды. Әрине жүректеріңізге тиіп, көңілдеріңізден шықса қуаныштымын.