Өзгеден таяқ жеу қалды ма?
блог
Әлеуметтік желі деген дүние шыққалы бері қоғамда болып жатқан кез келген оқиғаның куәсі болу мүмкіндігі бұйырған екен бізге. Жақында ғана инстаграм қолданушыларының ішінде талқыға түсіп, кең таралған бейнежазбалардың біріне өзім де куә болдым. Жаға ұстатарлық жайт дейміз бе әйтеуір өз басым қатты таң қалдым.
«Қазір билікті әйелдердің қолынан ғана көреміз,ер адам әрдайым жоғары тұруы керек»- деп шыр- пыр болатындар көп. Неге олай екеніне алдымен көз жеткізіп алу керек сияқты. Қазіргі қоғамның ер адамдарының басым бөлігі жалқау, ішкіш,намыссыз келеді. Әрине,көпке топырақ шашудан аулақпын. Ішімдікке сылқия тойған еркектердің арасына түсем деп оңбай кәріс азаматынан таяқ жеген нәзік жанды деуге келмейтін қайсар полиция қыздың оқиғасы менің жүрегімді қанжылатты. Өз ісіне бар ынтасымен берілген ол мамандығына адал ару екенін сол жерде дәлелдеді. Әйтпесе ондай батылдыққа бару әйел емес ер адамның қолынан келе бермейтін іс. Өзінің я қарындасы, болмаса әпкесі, болмаса жарындай қызды аямай ұрып,одан қала берсе аяғын аспанға көтере теуіп азамат деген атын сол жерде аяққа таптаған ер кісінің істеген қылғы туралы түрлі пікірлер жазылып, талқыға түсіп жатыр. Кейбіреулері полиция қызметкерінің өзін кінәласа, енді бірі спектакль тамашалап тұрғандай ұялы телефондарын шығара сала бейнежазбаға түсіріп жатқандардың бей жайлығына қарындары ашатындықтарын айтады.
Нәзік жандыларына қолының ұшын тигізбейтін қазақ халқының нағыз ержігіттері қайда кетті мына заманда? Өз еліміз жайына қалып,өзге ұлттың қолынан таяқ жегізіп қоятындай не көрінді мына жұртқа? Ел аман, жұрт тынышта есімізді жияйық...