Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымы және «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай өзге ұлт өкілдерін Маңғыстаудың тарихи мәдени орындарына саяғатын ұйымдастырды. Шара мақсаты: «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелеріне, өзге ұлт өкілдеріне Маңғыстау облысындағы тарихи мәдени орындарын көрсету, өлке тарихын таныстыру арқылы олардың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің құнды жәдігерлерін көрсетіп, патриоттылыққа дәріптеу.
Саяхат 18 қыркүйек күні өткізіліп, оған 30 адам қатысты. Ақтау қаласынан бастап экскурсия кезінде таныстыру жұмысын үздіктіксіз жүргізіп отырған «Отпан» мекемесінің қызметкері қатысушыларға толық ақпарат жеткізе білді. Жастардың қызығушылықтары артып, Маңғыстаудың тарихы туралы мәлімет алды.
Саяхаттың бірінші орны танымал «Шарқала» тауынан басталды. Ертеде бұл тауда адайлар мен түркімендер арасында қырғын соғыс болған. Түрікпен-қазақ қырғынында осы ұшпаға түрікпендер орналасып алып, жаугершілік жасаған. Бұл ұшпаның жан-жағы тегіс тас, өтетін жері, жолы болмаған. Тек бір ғана жолы ішінде су алатын түрікпендердің тіршілік еткен көзі үлкен шыңырауы болған. Жоғарыдағы жауға ештеңе істей алмай, құруға жақын қалған қазақтар ақыры амалын тауып¬ты. Олар шыңыраудан қауіпсіздеу бір шетін тесіп, сол жерден түрікпендердің су алуға түсірген қауға, шелегін кесіп тастап тұрған. Ақырында шөлден қырылып, қаталаған түрікпендердің жартылай қолы «Шерқаланы» тастап қолға түскен екен. «Шерқаланы» түрікпенше алынбайтын қамал дегенді білдіреді екен. «Шерқала» тауы - Маңғыстау қазақтарының «киелі» деп санайтын жерінің бірі. Жастар таудың тарихымен толық танысып, естелік суретке түсті.
Одан кейін «Ақмыш» бағына келді. Ақмыш демалыс орны жұртқа мәлім Орталық Қаратаудың солтүстігіндегі жасыл желекке бөленген ең көрікті жер. Себебі мұнда жерасты бұлақ көздері мол. Қалың өскен сан алуан ірі бұталы шөп түрлері өскен ұзындығы бірнеше шақырымға созылған жылға бойы Иірдің ойына дейін созылып жатыр.
Ақмыштан кейін өзге ұлт өкілдері «Көгез» этноауылына барды. Ол Маңғыстау ауданының Шетпе ауылына жақын жерде орналасқан. Ол ауыл қазақы дәстүрмен жасалып, 6 ағаш үйі тігілген. Қонақтар саяхаттап осы орында тынығып орналасуына болады. Бұл жердің де болашағы зор екенін білген өзге ұлт өкілдері жиі келіп тұратындықтарын жеткізді.
Саяхаттың соңғы нүктесі «Отпан тау» тарихи мәдени демалыс кешенінен аяқталды. Ол жерде саяхатшылар көптеген мәліметтерді алып, музейді тамашалады. Отпан тау - Маңғыстаудың ең биік шоқысы. Жаугершілік заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына от жағып белгі берген. Оны көрген батырлар келісімді жерге жиылып, бас біріктіріп, жауға соққы берген. Сондықтан Отпан тау ел бірлігінің символы болып келді.
Саяхатшылар үлкен әсермен Маңғыстаудың керемет орындарын таныды. «Жас қанат» жастар ұйымы өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында осындай шараларды жүргізіп отыратынын жеткізді.