Өзге түгіл, өзің де мойындай алмас сезім...
блог
Бәрі қалай басталғанын еске алсақ...
Стамбулдағы сыйлы да, дәулетті жандардың бірі Аднан жұбайының қазасынан кейін, қызы Нихаль, ұлы Бюлентпен бірге өзгелерден оқшау, мамыражай тірлік кешіп жатады. Бір күні ол жас сұлу Бихтермен танысады... Бойжеткенмен кездескен сәттен бастап, ол өмірге қайта келгендей болады. Ал, жақында ғана әкесінен айырылған жас қыз Аднаннан қорғаныш табады. Осылайша, жаңа өмір бастамақ ниетте Бихтер Аднанның жекежайына көшіп келеді. Алайда, мұнда ол күйеуінің жиені Бехлюль атты сымбатты жігітті кездестірді. Осы сәттен бастап, Бихтердің өмірі өзгеріп шыға келді. Бақытты да, тыныш және қауіпсіз өмір бастамақ болған сұлу аяқ астынан туындаған құштарлық сезімінің құрсауында қалады...
Құпияның жария болар күні таяу...
Бір-бірінен қаншалықты қашқақтаса да, Бихтер мен Бехлюль жекежайда кездеспей тұра алмайды. Ал, құштарлық сезімі жанға тыным берер емес. Бихтердің анасы Фирдевс екі жастың арасында туындаған алауды байқап қалады. Бұған алаң болған ол, қызының некесін сақтап қалу үшін Аднанның қызы Нихаль мен Бехлюльді бір-бірімен жақындастырмақ болады. Алайда, Фирдевстің бұл ойыны Бихтердің шынайы сезімін мойындауға итермеледі. Ол енді Нихаль мен Бехлюльдің жақындасуына кедергі жасамақ болады. Бұл ойынның соңы Бехлюль мен Бихтердің бір-бірінен алшақтауына алып келді.
Өзге түгіл, өзің де мойындай алмас сезім...
Біраз уақыт өткен соң да Бехлюль өзінің Бихтерге деген сезімін мойындауға жүрексініп жүреді. Бихтер де шынайы сезімін ұмытып, Аднанмен арасын жылыту мақсатында демалыс күндері күйеуімен бірге оңаша қыдырмақ болады. Алайда, екі ғашықтың арасына қашықтық та бөгет бола алмады. Бихтер жоқ кезде Фирдевс Нихаль мен Бехлюльдің арасын жақындатуға барын салады. Бихтер мен Аднан саяхаттан оралған соң, мерекелік кешкі ас ұйымдастырады... Ал, ас үстінде Бехлюль айтқан жаңалық отбасы мүшелерін бірден таң қалдырды...
Өзіне деген іңкәрлік сезіміне Бехлюлдің жауабы қандай болмақ? Басты кейіпкерлер өз сезімдеріне қарсы тұра алар ма? Ал, Бихтер мен жанындай жақсы көретін жиенінің арасындағы байланыс туралы ақиқатты білу үшін, Аднан қандай қадамға барады?
Атышулы телехикаяның жалғасын «31 арнадан» көріңіздер.