Елордада 36 тілде сөйлейтін такси жүргізушісі тұрады. Әбдірашит Шырыновтың қанына сіңген қонақжайлылығы мен пейілінің кеңдігі тіл үйренуге деген қызықушылығын арттырады. Ағылшынша амандасып, жапонша жөн сұрасады, қытайша қалжыңдасып, әзірбайжанша әзіл айтып, түрікпен тілдесе алады.