Өзге ой

Дана адам рахатты емес, қорлықтың жоқтығын іздеу керек. Аристотель.

Шатырға шыққаннан кейін сатыны лақтырмаңыз. К. Ижиковский.

Соғыс — саяси түйінді тілмен шеше алмаған кездегі тіспен шешу. А. Бирс.

Кемпірқосақ тым ұзақ тұрса, оған адамдар қарауды қояды. И. В. Гете.

Білімнің мөлшері емес, сапасы маңызды. Бәрін біліп жүріп, керектіні білмей қалуға болады. Л. Н. Толстой.

Адам - математикалық бөлшек іспетті: алымы - өзі, бөлімі - өзі туралы пікірі. Бөлімі көбірек болған сайын бөлшек кішірек. Л. Н. Толстой

Үмітпен бақытқа қарағанда ұзағырақ қоректенуге болады. К. Мелихан

Кітабы жоқ үй жаны жоқ ағза секілді. М. Т. Цицерон.

Сұлулықты жасау үшін ең алдымен өзіңнің жаның таза болу керек. М. И. Глинка.

Архитекторлар өз қателерін сылақтың астында жасырады, дәрігерлер - жердің астында, үйдегі келіншектер - майонездің астында. Дж. Б. Шоу.

Бақыт - сені түсінген кезде, үлкен бақыт - сені сүйген кезде, нағыз бақыт - сен сүйген кезіңде. Конфуций.

Желсіз теңізде әркім кеме бұрушы бола алады. П. Сир.

"Жолы болу" - бұл мұқият дайындықтың нәтижесі, ал "жолы болмау" - салғырттық пен жалқаулықтың нәтижесі. Р. Хайнлайн.

Тым ашық болған мүлде жалаңаш болған секілді тұрпайы көрінеді. Ф. Бэкон.

Барлығын білуге тырыспа, әйтпесе барлығыныан қараңғы болып шығасың. Демокрит.

Абырой өлген кезде біздің өмір сүруімізге хақымыз жоқ. П. Корнель.

Байлық төркіні - жеткіліктілік, жеткіліктілік төркіні - қанағат. Цицерон.

Біз аспанда құс секілді ұшуды үйрендік. Теңізде балықтай жүзуді үйрендік. Енді адам секілді өмір сүруді үйрену қалды. Дж. Б. Шоу.

Ойларыңызға мұқият болыңыз, олар - іс-қимылдарыңыздың басы. Лао-Цзы.

Бір сағат уақытын бос өткізуге дәті баратын адам әлі өмірдің құнын білген жоқ. Ч. Дарвин.

Адамға өзге адамнан басқа еш қауіп жоқ. Э. Мунье.

Әр күн кешегі күннің оқушысы. П. Сир.



Бөлісу: