Өзге ғаламшарлық тұрғындар...

Өзге ғаламшарлық тұрғындар...
жеке
блог
Әлемде жұмбағы ашылмаған тылсым дүниелер жетерлік.Адамзат ғылым мен білімнің шарықтау шегіне жетіп жатқанымен,ғылымның да,білімнің де күші жетпейтін табиғат құпияларын ешкім де ашып айтып,анықтаған емес.Сондай бір тылсым құпияға толы,әлемнің пікірін екіге жаратын дүние-өзге ғаламшарлық тұрғындар.

Әлемнің бір бөлігі бұл әлемде өзге тіршілік иелерінің барына күмәнсіз сенсе,енді бір бөлігі бұл пікірге қарсы тұрып,жоққа шығарып жатады.Дегенмен,әлі күнге дейін келімсектер туралы нақты дәлелдер келтірген ешбір адам жоқ.Бірақ,осы уақытқа дейін түрлі тылсым оқиғалардың орын алғаны адамның ойын сан-саққа жүгіртеді.
Ғалымдар галактика бойынша жер шарына ұқсас,салмағы,жасы ,көлемі  жер ғаламшарымен  бірдей  9 миллиардтан астам ғаламшарлар бар екендігін айтады.Ал бұл мәлімет оларда да өзге тіршілік иелерінің болуы мүмкін деген пікірді алға тартады.

Өзгеғаламшарлықтардың бар болуы мүмкін деген пікірді нақтылайтын  тағы бір  белгі-аспанда қалықтаған белгісіз ұшу нысандары.Осы уақытқа дейін   белгісіз ұшу аппараттарын көзге түсіргенін көптеген адамдар мәлімдеген.Мұндай құпия нысандарды әлемдік ғалымдардың бір бөлігі өзге ғаламшарлық тіршілік иелерімен байланыстырады.Ал зерттеушілердің енді бір бөлігі мұндай ұшу нысандарының артында қарапайым адамдардан құралған  құпия үкімет тұрғанын айтады.Бірақ ол қандай үкімет ,көздегені не екенін ешкім де ашып айтқан емес.

Кейбір адамдар өздерінің өзге ғаламшарлық тұрғындармен кездескенін де айтып жатады.Солардың бірі америкалық белгілі ғалым Бойд Бушман.Оның  сипаттауынша  құпия келімсектердің бойы 1 жарым метрден аспайды,басы үлкен,көздері мен мұрны адамның мүшелеріне қарағанда тіпті өзгеше,қолдары мен саусақтары өте ұзын келетін көрінеді.Бұл пікірлердің барлығы әзірге толығымен дәлелденбеген.Сондықтан әлі де жұмбақ күйінде қалары  белгілі.

Америкалық әйгілі ғарыш агенттігі-НАСА осыдан бірнеше жыл бұрын өзге ғаламшарлықтарды 10-20 жылдан соң міндетті түрде табатынын айтқан болатын.Олардың пайымдауынша болашақтағы 10 жылда ғарышты кеңінен зерттеуге мүмкіндік ашылмақ.Сондықтан агенттік мамандары зерттеуге арналған  құрылғыларын сайлап жатқанын айтқан.Олар ағымдағы 2017-жылы ұшырылатын телескоптар мен инфрақызыл аппараттарға үлкен сенім артып отыр.Ғылым мен технологиялардың дамуы көптеген құпия жұмбақтардың шешімін шешуге жол ашпақ.Дегенмен барлығы уақыттың,болашақтың еншісінде екені айқын.

Өзге ғаламшарлық келімсектерге сіздің пікіріңіз қандай?Олардың бар екені рас болса,адамзатты болашақта не күтеді деп ойлайсыз?