Өзекті мәселелер

ӨЗЕКТІ   МӘСЕЛЕЛЕР   ТОПТАМАСЫ   (аңдатпа)

Авторы: Раймбеков Нұрмахан Жұмаханұлы,     16.03.2017ж.

 

Сен кімсің?

 

Елім, жерім деп, жан-жүрегі езіле білген,

ұлтым, тілім деп, ой толқынында тебірене білген,

дінім, салтым деп, Аталарымыз жолын ардақтай білген,

көңілі ояу, көзі ашық, бойында жігері мен қайраты, намысы мен ары бар, сауатты да зиялы азаматпысың?

 

Әлде, өз ұлтынан өзі жиіркеніп, оған дәйім қастық еткен,

залым қара күшімен мақтанып, өз елін талай мәрте зар илеткен,

қара халықтың қорғаушысы болу орнына, қанаушысы болып келген,

тас жүрек, безбүйрек, арынан безген арам ойлы күштісымақ пасықпысың?

 

Мүмкін, Сен - біліміде бар, ойыда бар, күш-жігеріде бар, мүмкіншілігі де бар, бірақ, өмірде талпынысы жоқ, еріншектік еңселеп мінген, артында жүрген ізі қалмайтын, бұл өмірдегі өткінші бір ғаріппісің?

 

Немесе, өз мүддесін бәрінен биік қоятын, ал өзін қоршаған ортадағы басқалар мүддесін (Автордан: ол дегеніміз, - ел мүддесі деген сөз. Елім деген ұғым өзіңе тікелей не жанама қатысы бар сенің ортаңнан, қасыңдағылардан және жақындарыңнан басталады) тіпті елемейтін, яғни қара басының ғана қамын ойлайтын, өз пайдасы өз басынан артылмайтын, өзім болсам, өзім толсам деген ашқарақтық ойдың жетегінде кеткен байғұс жанбысың?

 

Сен кімсің? ...

 

Егер, сен азамат болсаң, қазақ халқының жарқын болашағы мен кемелденген келешегі үшін өз үлесіңді қосқың келсе, онда мен сені, билікпен айқаспай ақ, жоқ нәрсені дауласпай ақ, ессіз, еріксіз күш көрсетпей ақ, ештеңеге міндеттемей ақ, жүріс-тұрысың мен әдет-ғұрпыңды өзгертпей ақ, біреудің ала жібін аттамайтын бейбіт жолмен, халықтың білімге, өнерге, өсуге деген талпынысын арттырып, санасын аша түсуге, мәдениет пен өркениеттілікке жетелеуге, салауатты өмір салтына үгіттеуге өз жолыңды таңдай отырып, адамгершілік сипаттағы үлесіңді қосуға шақырамын.

 

Алайда, неден немесе қалай бастау керек екенін білмесең, және де бағыт – бағдар беретін ойларыммен бөліскің келсе, онда менің «Өзекті мәселелер топтамасы» жинағыма кіретін, «Жас өспірім ұлдар арасындағы ішімдіктің өзекті мәселесі» атты кішкентай мақалама уақыт бөліп оқып шық. Басқаларға да, әсіресе жастарға осыны таратып, жастарға қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргіз.

 

Біз қанша көп болсақ, еңбегіміздің де жемісі сонша мол болмақ!



Бөлісу: