Өзегімді өртеп, демімді бітеген назым

Қатты азалымын. Кімге айтып, не істерімді білмеймін. Ешқандай жан тыныштандыра алмайтын да сияқты. Ойымды ашық тіпті анама да, сіңіліме де айта алмаймын. жек көрем дүниеге келген күнімді. ары қарай не істеймін.. қалай өмір сүремін... ертеңгі күннен нені күтем. Бәріне қолымды бір сілтеп өле қалайын десем анам мен сіңілімді аяймын. Олардың өмірі не болмақ. Эгоист болам ғой. Кешпейді ғой мені ешқашан. Ағам, көкем, апам, ал ең бастысы әкем деп жүрген адамдарым мені таптай салды. Йа мен ашынған адаммын, жүйкем жұқарған, кішкентай кезімнен психологиям бұзылған, анамды аяп аузымды жауып, бәріне көзімді жұмған адаммын. Содан болар кешегі ашу ызам. Йа қайталадым әкемнің сөздерін, маған бағытталған, еш әке қызына өзі айтпақ түгілі, сондай сөздерді естімеуін тілейтін шығар. Йа білем мас болды, бірақ үлкен, біз сенім артып, әкем деп жүрген адам ғой. Өлімге барып келіп отыр ғой. Не жазып ем? Не бүлдіріп ем? Қай қылығыммен осындай жағдайға тап болдым. Ал көкем, апам, бауырларым ше? Олар неге қой демеді оған? Неге тоқтатпады қызыңа олай айтпа деп? Мен әкемді адам болсын дегеніне кінәлімін ба? Неге іштіңіз, өлімге барып келдіңіз ғой, анам ауырып, бауырынган айырылып әрең келгенде неге оны қарабет еттіңіз дегеніме күнәлі болдым ба? Ал көкем, мен сыйлап, жанашыр көретін адамдардың бірі, мен қорған күтетін адамдардың бірі осы жағдайда мені түсініп, әкемді тыныштандырып, мені сабырға шақырудың орнына, маған ренжіп, мені бәріне күнәлі етіпті. Енді мен бәрі үшін нөмірі бірінші жаумын. Көкем мені бәрінен жақсы таниды ғой, ондайды басқа уақта өліп кетсем қолданбайтынымды біледі ғой, мұғалім, психолог қой, кішкентайымнан не көріп өскенімді біледі ғой. Қандай состояниеде тұрғаныммен де жақын таныс қой. Өзінің басынан да, өз қызының басынан да өткен жағдайлар ғой. Неге маған тіреу болудың орнына кері айналды. біреудің басына іс түссе оны табаламай, көмек көрсетуге тырысамыз ғой. Түсінбеймін. Бір күнде өмірім төңкеріліп қалды. Ең бірінші қорғаным, тірегім болатын екі әкем осылай жасаса ары қарай өміріміз не болмақ. Олар бізді осынша таптаса басқалар не істемейді бізге??? Не үшін әкелді өмірге? 4-5жасар бала не ойлайды? ойнасам, тәтті жесем, ұйықтасам деп ойлайды. Ал мен не ойладым, не көрдім? Мен әкем ішпесе екен, анам екеуі ұрыспаса екен, мен таяқ жемесем екен екі ортада деп ойлайтынмын. Мен горшогымды құшақтап әкемнің бас жағында отыратынмын, анам келгенше сауықтырып қояйын деп, құсса қасында отырайын деп, мен көшеде ұйықтап жатқан жерлерінен жылап жүріп, сүйреп әкелетінмін,үстіндегі құмырсқаларды түсіріп, астына жіберіп жатқанда матрац, көрпелерін де жуып қоятынмын, анам көрмесін деп. Ал байқұс анашым ше? Ол мұнан да сорақысын көрді. Неге тастап кетпеді деп ойлайтын шығарсыз? Себебі тәрбиесі жібермеген, жақсы көрген, бізді әкесіз қалдырмайын деген, өліп қалмай адам болсын деген, некелескендегі берген анттарын бұзғысы келмеген, түзеледі, емделеді деп үміттенген. Ал мен өзі әрең жүрген анамды одан ары қинамайын деп айтпайтынмын мұның бәрін, еш шағым айтпайтынмын. Бірақ менің әкеме деген сезімім сонда өшіп қалған. Одан бері көп уақыт өтті, шағымданған емеспін. Бәрі ойлайды мен эмоциясыз адам деп, бәрі жақсы деп. Анам үшін оны кешіріп, түк болмағандай келдім осыған дейін. Дені сауда әкеме де айтпадым, себебі ол әлсіз адам, өзіне қол жұмсап қойып, тағы бәріне мен күнәлі болармын деп қорықтым. Тағы ішіп кетер деп қорықтым. Анам мен сіңілімнің тыныш өмірін құртам ба деп қорықтым. Бәрін ішіме жинадым. Ішімнен жеп тұрса да көрсетпедім. Бәрі есімде.Қай күні не болып, тіпті сол кезде өзімнің не киіп тұрғанымды білем. Осындай абсолютті жадымды жек көрем. Бес жасар кезімде анамның өліп қала жаздағанын да көрдім. не істей алады кішкентай бала? Осы менің психикама әсер етпейді деп ойлай ма? Осындай өмірден кейін мен өзімді жақсы көріп, басқаларға тең санай алады деп ойлай ма? Біреуді күнәлап, ренжігенде бәрі білгіш, бәрі мықты. Айтарым сондай адамдарға менің шіме кіріп көрмедіңдер, менің миымда не жатқанын білмейсіңдер, оны ешқайсыңа да тілеменймін, бірақ сондайларға айтарым ешкімі бір ситуацияға қарап сөкпеңдер, соттамаңдар. Жоғары жақта бәріне Алла төреші! Алда қандай күн күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Берем десе кез келгеннің басына береді. Біреуді күнәлап, ақыл айту үшін өз өмірлеріңе көз тастаңдар. Ешкімге төреші емеспін. Бәрін Аллам көріп тұр. Күнәлілерге Алла жазасын берсін, азалыларға Алла сабыр берсін. Менің қолымнан анам мен сіңілімнің амандығын тілеуден басқа ештеңе келмейді. Білемін Аллам тағы қиналтып жазалаймын десе бұдан да зорғысын бере алатынын. Сол үшін тек жалбарынып тілеу тілеймін.



Бөлісу: