Алыста жүрсем сағынам,
Өз үйім алтын – алтын қазынам.
Онда бар бақыт, байлығым,
Қымбат қой құны алтыннан.
Мұнда бар – шаттық, мейірім,
Мұнда бар – асыл ақ анам.
«Пана» боп жүрген анама,
«Бала» боп мәңгі мен қалам.
Өз үйім – өлең төсегім,
Жыр арнап саған теңселдім.
Мен үшін зәулім сарайдан,
Мәңгілік ыстық өзегің.
Жанұяң – сенің бақытың,
Өтеді тез уақыт тым.
Бар пенде қысқа өмірде,
Қадіріне жетсін бақыттың.
Сағынбай қалай жүресің?
Алыстап кетсең үйіңнен
Қадірін сонда білесің!