Өз ісіңнің шебері бол.

Журналистика – қыры мен сыры мол, еркіндік пен дарынды талап ететін шығармашылық мамандық екені баршамызға мәлім. Алайда мамандық болғаннан кейін оған қойылатын белгілі бір талаптар, шектеулер болады. Алдағы таңда өзімнің де, таңдап отырған мамандығым журналистика болғандықтан, журналистің ұстанымы қандай болуы керек деген сұрақтың төңірегінде өз ойымды ақ параққа түсірсем деймін.

Менің ойымша, бойында Алла берген қабілет болмаса, кез-келген адам журналист бола алмайды. Неге дейсіз бе? Өйткені, тек ақпарат беріп, ақпарат таратамын деген азамат(ша) қателеседі. Себебі, журналистика менің ұғымымда тек ақпарат беріп, таратумен шектелмейді, алған ақпаратты миллиондаған адамдардың қажетіне жарата білу, қоғамға пайдасы тиетін ақпараттарды халыққа жеткізіп, Отансүйгіштік пен шыншылдықты ұштастыратын мамандық. Ал, егер газет бетінде аты-жөнім жазылса немесе экран бетінен көрінсем деген ойдың жетегінде жүрген маманды журналист деп атауға да келмес. «Ауыздың өтірік айтқанын мұрт біледі, журналистің өтірік айтқанын жұрт біледі»,-деп Әз (Ә.Нұршайықов) аға айтқандай, журналистің артында сөз тұр. Сөздің артында адам тағдыры, қоғам тағдыры бар. Әрине, көрген-білгенін ауызбен айту екенің бірінің қолынан келеді. Ал, сол дүниелерді ұтымды жарата білу, қағаз бетінде сөйлете білу үшін дарын, жүрек, рух, білім мен кәсіби шеберлік керек деп ойлаймын. Егер әрбір журналист Шер ағамыздың журналистің "жегені - жантақ, арқалағаны - алтын"деген сөзін ұстанымдарына айналдыра білсе, мықты журналист болары сөзсіз.

  Бұқаралық ақпарат құралдарынан журналист Серік Әбікен ағамыздың сұхбатын оқыған едім, онда былай делінген: бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ журналистері жиналып келісім жасағанбыз. «31 арана», «КТК», «Рахат», «Алматы» арнасы барлығы жабылып келісімге келген. Кез келген қазақ мәселесіне байланысты, журналистикаға байланысты шараларда ешқайсымыз үнсіз қалмаймыз, барлығымыз жұмыла кез келген мәселені көтереміз деген. Бұл сөздердің өзінен журналистік жұмыстың шындықты бүкпесіз айту мен жауапкершілікті талап ететітін аңғаруға болады.

Қорытындылай келсем, қоғамда жол-жөнекей қосылған ағашауыз журналистер емес, қоғамдық сананы бір мүддеге тоғыстыратын журналистер қатары көбейсе нұр үстіне нұр болар еді...

 

 



Бөлісу: