Өз-өзімді танымайды екенмін...

Өз-өзімді танымайды екенмін...
жеке
блог

***

Өз-өзімді танымайды екенмін,
Өз-өзіме бөтенмін...
Түкке тұрмас дүниені сөз қылып,
Саған тағы дауысымды көтердім...
Саған деген махаббаттың көлемі,
Еш өлшеммен өлшенбейді себебі.
Ағыл-тегіл жылап алам ішімнен,
Саған, саған бәрін айтқым келеді...
Сен...
Сен - әдемі әлемсің ғой, ақылдым,
Мен...
Мені қойшы, мен - "ақымақ" ақынмын.
Енді, міне, жүрегіңді ауыртып,
түн ішінде мұңға оранып отырмын...