Жақында футбол сүйер қауымға да, футболды түсінбейтін қауымға да белгілі Челси клубының бапкерлері ауысып кеткен болатын. Соған қатысты өз ойымды білдірмекші едім. Менің жеке пікірім бойымша Ди Матеоны алмастырудың еш себебі жоқ. Жо жоқ, білем себебім... Ювентустан жеңілгені ма?! ол былай тұрсын, Арсенал, Милан мен Барселонадан талай рет жеңіліп жүр ғой, бірақ ешкімге өкпелі емес, 20 жыл болып қалған шығар Арсен Венгердің терлеп жүргеніне...немесе МЮ еске алайықшы, өткен жылы ЛЧ шығып қалғанда...ой ол кезде ешкім елестете алмайтын белді МЮ қайдағы* Батэден жеңілетініне, бірақ өмір солай болған шығар, МЮ бапкері әлі өз орнында. Енді тақырыпқа оралсақ...Ди Матеоны жылдың соңына дейін күту керек еді. Не дегенмен 3 айдың ішінде ЧЛ кубогын алып берді ғой Челсиға. Жә жарар, кеткен кетті, Ди Матеоның орнына бұрынғы Ливерпуль мен Интердің бапкері Рафаэль Бенитес келген. Келгенде жақсы болды деп күттім, күткенім бекер екен...Стадионнан мынадай жазулар көзіме іліне берді:
Сөздің Соңы, Қорытындылай келгенде мен Ливерпульдің жанкүйері едім, Бенитес пен Торреске жаным ашып жүр. Торрес мықты футболшы, Бенитес мықты бапкер екеніне мен нық сенімдімін...
*Чемпиондар лигасының аутсайдері