Өз күшігімді, өзім басып өлтірдім...

Өз күшігімді, өзім басып өлтірдім...
жеке
блог

      "Естеліксіз адам, ескірген адам",- деп айтылған сөз ақихат. Менің өмірім өткенім өзінше бір тарих. Бірақ, балалығымды емес, кеше ғана басымнан өткерген хикаямды баяндамақпын. Күні кеше дерліктер емес, ол оқиғаның болып өткеніне жылдан аса уақыт болды. Бірде, университеттен үйге келе жатып, жолдан бір күшікті тауып алдым. Жоқ, мен оны емес, ол мені тауып алды... Иесіз күшікке мейірімім оянып асырап алмақ болып құшаққа қысып үйге алып келдім. Бірақ, мен жасаған таңдау ешкімге ұнай қоймады. Анам мен інім ауру болар деп күшікті еш жақтырмады. Содан тауып алған жеріңе апарып таста деді. Жарар. Солай жасадымда. Машинама салып алып, күшікті кең көшемен келе жаттым. Ен болмаса күл-қоқыс төгетін жерге емес, бір қайырлы жандардың есігінің алдына апарып тастайын бағы болып сол үйге ит боп кетер деген ойымда жоқ емес.

      Ол үйді таптымда. Қолымдағы күшікті қақпасы көкпен боялған, зәулім үйдің есігінің алдына апарып қойдым. Артқа бұрылуға батылым бармады. Өзімнің дәрменсіздігіме, тым болмаса күшікке араша бола алмағаныма іштей қамықтым. Содан жеделдетіп көлігіме міндімде арқа қарап жүріп барып бұрылмақ болдым. Кенет «қыңсылыған» дыбыс шықты. Не болды екен деп, алға қайтадан жүрдім де көлігімнен түсіп қарасам мен араша болып мейірімім түскен күшікті мыжып кетіппін. Ия, өзім жаңа өмір тарту етем деген күшікті өз қолыммен өлтірдім...