ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ҚОРҒАЙ БІЛ

        Біздің еліміздің көптеген жүргізушілер өздерінің құқықтарын, міндеттерін және қалай ұстау керектігін білмейді. Осындай жағдайды біле тұрып, кейбір жол-патрульдік полиция қызметкерлері ашкөз мақсаттарға пайдаланады. Өзіңді қорғау ушін заңгер болудың қажеті жоқ. Осы ережелер жиынтығын білсеңдер кез келген тоқтатқан жағдайлардан шығып кете аласыздар.

Егер сізді ЖПП қызметкер тоқтатса...

Көліктен шықпай, сізді тоқтатқан қызметкердің келгенін күтіңіз. Кейбір жүргізушілер осыны білмей, көлігінен шығып, жол-патрульдік полиция қызметкерімен сөйлесуге барады.

Осы ережені неліктен ұстау қажет? Өйткені, бұл сіздің заң білетініңізді, өжет адам екеніңізді көрсетеді. 

      Сіз ЖПП қызметкерінен қандай қызметтік мәліметтерді сұрай аласыздар?

      ЖПП қызметкері кезекшілікке шығарда қызметтік жетонды алады. Жүргізушінің өтініші бойынша ЖПП қызметкері қызметтік куәлік және/немесе төс ерекшелік белгісін (жетонды) ұсынуы тиіс. Жол және патрульдік полициясының жетоны қазіргі кезде келесідей түрде (сур. қараңыз).

  Жол патрульдік-полициясының қызметкері патрульде болғанда қандай талаптарды сақтауы тиіс?

     ЖПП қызметкері тоқтатылған азаматпен сөйлескенде сабырлық және ұстамдылық қасиеттерді танытуға, дөрекілікке дөрілікпен жауап бермеуге міндетті.

     Жол-патрульдік полициясы инспекторының қызметті атқаруы, қызметтік автокөлікте және жаяу нарядта болуы мүмкін. Жол полициясының инспекторы қызметті атқаруда жол қозғалысының қатысушыларына көрінетін аумақта болуы тиіс. Қызметтік автокөліктер сондай-ақ көрінуді шектейтін, қандай да бір кедергілердің ар жағында (ағаштар, ғимараттар және құрылыстар, жарнамалық қалқандар және т.б.), сондай-ақ тоқтау мен тұру тыйым салынған орындарда орналаспауы тиіс, осы талаптар жаяу нарядтарға да қолданылады.

 

 

 

         

Егер сізді тоқтатқан ЖПП қызметкер, осы талапты сақтамай тұрған болса, өз аймағыңыздың сенім телефонына шалып, осы қызметкердің заңсыз тоқтақанын хабарлай аласыз. Төмендегі тізімде бүкіл Қазақстан облыстарының сенім телефондары көретілген. Көбінесе осындай жағдайларда ескертумен аяқталады және айыппұл салынбайды.

Жол полициясы комитеті ІІМ— (7172) 71-58-25
Жол полиция ЖПБ Астана — (7172) 31-09-62

ІІД ЖПБ Алматы қаласы — (727) 293-54-56
ІІД ЖПБ Алматы облысы — (7282) 22-22-03
ІІД ЖПБ Ақмола облысы  — (7162) 77-12-83
ІІД ЖПБ Ақтөбе облысы  — (7132) 51-83-66
ІІД ЖПБ Атырау облысы  — (7122) 30-10-21
ІІД ЖПБ Шығыс-Қазақстан облысы  — (7232) 42-71-18
ІІД ЖПБ Жамбыл облысы  — (7262) 57-65-09
ІІД ЖПБ Батыс-Қазақстан облысы  — (7112) 21-04-08
ІІД ЖПБ Қараганды облысы  — (7212) 41-53-83
ІІД ЖПБ Қостанай облысы  — (7142) 52-61-97
ІІД ЖПБ Қызылорда облысы  — (7242) 21-26-04
ІІД ЖПБ Маңгыстау облысы  — (7292) 60-54-14
ІІД ЖПБ Павлодар облысы  — (7182) 33-38-06
ІІД ЖПБ Солтүстік-Қазақстан облысы — (7152) 49-32-47
ІІД ЖПБ Оңтүстік-Қазақстан облысы  — (7252) 53-65-51.
 
  Ал егер, бұған дейінгі базалық ережелер дұрыс орындалған болса, ЖПП қызметкері сізді тоқтату себебін түсіндіреді. Жалпы қарағанда, тоқтату себептерінің 2 түрі бар: арнайы операция (орыс. рейд) және әкімшілік құқық бұзушылық. Осыдан кейін құжаттарыңызды сұрайды. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы керек:
1. Жүргізуші куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
2. Көлік құралына тіркеу құжаттары;
3. Автокөлікті иесі басқармаған жағдайда - аталған көлік құралын басқару немесе иелік ету (пайдалану) құқығын растайтын құжат;
4. Мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өту туралы құжат;
5. Заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі және/немесе жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі;
6. Белгіленген жағдайларда тасымалданатын жүкке жол-сапар қағазы және құжаты

ЖПП инспекторы сізді тоқтатқан жағдайдағы сіздің құқықтарыңыз:

1.Жүргізуші іс материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдеме ұсынуға, сұраныс хатқа өтініш беруге құқылы;

2. Істі қарауда адвокаттың заңды көмегін қарауға;

3. Ана тілінде сөйлеуге және егер іс жүргізілетін тілді меңгермесе, аудармашының қызметтерін пайдалануға;

4. Іс бойынша қаулыға шағымдану тәртібі.

 

 

        Егер, инспектор тоқтау себебке қандай да арнайы операцияны айтатын болса, осы оперяцияның дәлелдейтін құжатты талап етіңіз. Осы құжатпен жақсылап танысқаныңыз жөн, өйткені жариялаған арнайы операциялардың көбісі белгілі бір аймақтарға қатысты.

        Егер, тоқтату себебі әкімшілік құқық бұзушылық болса, ЖПП инспекторынан осыны дәлелдейтін және растайтын деректерді талап етіңіз. Дерек ретінде бейнежазбаны көрсетсе де, бірден келіспеуге тырысыңыз, өйткені ол күмәнді болуы мумкін. Өйткені, осы бейнежазбада көрсетілген көлік, сіздің көлігіңізге ұқсау мүмкін. 

         Біз байқап жургендей, қыста жолдарда сызылған белгілер қар жауып қалғаннан көрінбей қалады, және көктемде бүкіл қарлар ерігеннен кейін жолдың бетінен жоғалып кетеді.  Бұл ЖПП қызметкерлерінің екінші ең жиі пайдаланатын айлакерлігі. Олар “осы жерде сызық тұрған еді”, “ жүргіншілер өткелі сызылған” немесе “ екі сызық бар” деп протокол толтыруы мүмкін. Осы белгілерді жаз кезінде көрген болсаңыз да, ешқандай жағдайда мойындауға тырыспаңыз. Өйткені, жолдарды тазалайтын арнайы техника болуы керек және бұл сіздің білуіңіз керек мағлұмат емес. Әрине, егер бұл өрескел құқық бұзышылық болмаса. 

       

 Ал егер, дәлелдейтін дерек болмаса (видео) және сіз өз әкімшілік құқық бұзышылық жасағаныңызды мойындамайтын болсаңыз, ЖПП қызметкері протоколды толтыру үшін, сіздің жол ережені бұзып тұрғаныңызды көрген куәгерді шақыруы міндетті. Алайда, сіз жолаушыларға немесе көлік жүргізушілерге кедергі жасамаған болсаңыз, куәгерлерді табу өте қиын, себебі біздің қоғамдағы адамдар кейбір ЖПП инспекторларынана қалай құтылып кетуге болатын біледі, дәлірек айтқанда пара. Осы себептен қарапайым азамат, тоқтатылған адамға жақтасады.

         Куәгер тапқанын және құжат бергеніңіздін елестесек, көлігіңізден шықпай, протоколды куәгермен бірге толтырып келгенін күтіңіз немесе өзіңіздің көлігіңізге шақырғаны дұрыс. Өйткені, инспекторлар өздерінің қызмет көліктерде батыл және емін-еркін сезіп отырады. Алайда, бұл іс-әрекет қауіпті болуы да мүмкін және осы бейнежазбадан байқауға болады.

writeWindowsMedia({"src":"","width":"320","height":"240"});

         Одан кейін, протоколмен танысуыңызға сұрайтын кезде, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуымен немесе ЖПП қызметкерінің тоқтатуының өзге себептерімен келіспеген жағдайда, сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жазбаша баяндай аласыз.

 

 

 ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

ЖПП қызметкерлері жолда тоқтатқанда оларды камераға түсіруге болады ма?

Иә, болады. Заңнама бойынша ЖПП қызметкерлерінің іс-әрекеттерін сурет-бейне құралдарын қолданып оларды түсіруге болады, егер, қызметкерлердің әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылықа байланысты емес болса. Оларға кіретіні: жыныстық қатынас жайлы ақпарат, жеке немесе коммерциялық ақпараттар және өзге де заңмен қорғалатын құпия.

ЖПП қызметкері қандай негізде нөмірді шешіп алуға құқылы?

ҚР ӘкҚБК 630-бабына сәйкес егер тыйым салынған жерлерде тоқтау ережелерін бұзған жағдайда (ҚР ӘкҚБК 463-4-бабының 1 және 2 бөлімі) уәкілетті лауазымды тұлға сіздің көлігіңіздің мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға құқылы.

 ЖПП қызметкері ұзақ уақыт келмесе не істеу қажет?

Егер инспектор 10 минуттың ішінде келмесе, сенім телефонына шалып, сізді тоқтатқан адам келмей тұрғанын хабарлауыңыз қажет, бірақ кетіп қалуға құқығыңыз жок.

Қандай жағдайларда көлігіңіздің жүксалғышын тексере алады?

Егер тексеретін кезде қасыңызда екі куәгер тұрса.

Егер көлігіңіздің жылдамдығы 9 км/cағ-тан асып кеткен жағдайда, айыппұл салынуы мүмкін бе?

Жок, көліктің жылдамдығы 10 км/cағат-тан кем болса, айыппұл салынбайды.

Басқа біреу көлікті, иесі отырғанда, жүргізуге болады ма?

Иә, болады. Егер жоғарыда көрсетілген құжаттар және бөтен жүргізушінің “жүргізуші куәлігі” болса. Бұдан басқа, бөтен жүргізуші мас және есірткі ықпалында болмауы тиіс.

Радарларды қалада және трассада ЖКО-ларын болдырмау және олардың мүмкін салдарын болдырмау мақсатында пайдалануға тыйым салынбайды. Алайда, осы радарлардың дұрыс істейтінін қалай біле аласыздар?

Радар ЖПП қызметкерлеріне берілген кезде, сомен бірге тиісті сертификат берілуі қажет және тоқтатылған жүргізуші осы құжатты талап ете алады.

       

 

          Қорытындылай келсек, сізді әр алуан жағдайларда тоқтату мүмкін. Алайда, мұндай жағдайларда сасып қалмаған жөн, себебі егер сіз асықпай жоғарыда берілген кеңестерге сүйене отырып кез-келген тығырықтан шыға аласыз. Сондай-ақ, ЖПП қызметкерінің алдауынан құтыла аласыз. Өз құқығыңызды білу ешқашан да артық етпейді, оларды әрқашан білгеніңіз абзал. Кейбір кезде, өз жұмысын білмейтін ЖПП қызметкерлері кездескен кезде тіпті пайдалы. Жаңадан көлік айдауды бастаған жүргізушілерге https://oo-osa.org/ және https://www.youtube.com/user/Laruc193 сайттарындағы бейнежазбаларды көруге кеңес беремін. Сөз соңында, блог көптеген жүргізушілерге пайдалы болады деп ойлаймын, себебі көптеген жағдайларда өз құқығын білмейтін азаматтар тығырықта не істеу керектігін білмей, жол тәртібін бұзбаса да айыппұл төлеп жатады.

 

 

 



Бөлісу: