Өз қан тобыңызыды білесіз бе?
блог
Медицинада қан топтары дегеніміз - биологиялық түр қанының иммуногенетикалық белгілері. Адам қан тобы жатырда жатқанда қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Барлық адамдар қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қаны I топқа жататын адамдардың қандарын барлық топтарға (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III,IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады. Егер қан тобы сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалып, соңы сәтсіздікке алып келеді. Қазіргі таңда қанды тек өз сәйкес тобына ғана құяды. Сондай-ақ әр қан тобы 2 топшаға бөлінеді. Бірі - сирек, екіншісі - қалыпты.
Ал қан топтарын адам қарым-қабілеті мен мінезіне қарап ажыратып көрейік. Жапон ғалымы Шотитаке Комидің ұзақ жылдық зерттеу нәтижесінің қорытындыларымен бөлісуді жөн санадым.
I топ. Сіз басшы болуға ұмтыласыз. Көздеген мақсатыңызға жетпей қоймайсыз. Оған жетудің жолдарын да білесіз. Өз күшіңізге сенімдісіз. Aлайда осал жақтарыңыз да бар: өте қызғаншақсыз, кеудемсоқтық мінезіңіз бар.
II топ. Сіздің жаныңыз жарасымдылыққа әуес, тыныштықты сүйесіз. Ортамен жақсы тіл табысасыз. Шыдамды, ақ көңіл жансыз. Осал тұсыңыз - бірбеткейлігіңіз бар, бейжай қалыпқа түсуіңіз қиын.
III топ. Сіз үнемі өз дегеніңізбен жүресіз. Қандай жағдай болмасын, сол ортаға тез арады бейімделесіз. Қиялға еріксіз тез берілесіз. "Тәуелсіз боламын" деп, кейде артықтау кетесіз.
IV топ. Байсалды қалпыңызбен жұртқа жағымдысыз. Әдепті адамсыз. Көпшіліктің көңілін көтере білесіз. Кейде тым қатты кететініңіз де бар. Бір шешімге келуде ұзақ ойланып-толғанасыз.