Өз жүрегіңе жақсылық сыйлап, ортаңды өзгерт!

   Өмірімізді таңдау, өзгерту өз қолымызда болатыны жасырын емес. Алайда, ақ пен қараны шатастырып ала  беретін  кездеріміз де болады. Біріміз ақ жолды таңдап, жақсылықтарға ұмтылсақ, енді біріміз  өмір атты қайықта өз желкенімізді жоғалтып алатынымыз да айдан анық. Бірақ, желкенсіз сіздің де жағаға шыға алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Ақ пен қараны ажырата алуымыз үшін, жүрегіміздегі иманымыз сөнбесін.  Сонда ғана  екі дүниедеде бақыттың кілтін таба аламыз.

   Қыс мезгілі еді. Түнімен қар жапалақтап жауса да, ертеңінде жауған қардың ізі  білінбейді. Айналаның бәрі су болғанымен, күн шуақтарымен  сәулесін төгіп жылытуда.

   Құрбым екеуіміз әдеттегімізден ерте ояндық. Сабақ қызық болмағанымен де, сабаққа белсенділік танытатын әдетіміз бар. Бүгін де сол әдетімізден аспадық.  Сабақ біте салысымен, кітапханаға қарай бет алдық. Кітапханада керекті мәліметтерімізді қарап қана қоймай, ертеңгі сабақтарға да дайындық жасап үлгерідік. Кенеттен, кітапхана дәлізінде құрбымыз Алуаны кезіктірдік. Бүгін Алуа үшін ерекше күн-туған күні. Осы сәтті пайдала отырып, бізді туылған күннің қонақтары болуға шақырды. Дегенмен, біз жаспыз ғой деген оймен келісе кетті. Осылай жүріп кешкі уақыттың да қалай өткенін байқамай қалдық. Жатақханаға келіп дереу дайындық басталып, біз осы кештің қонақтарына айналдық.

  Кеш туған күн иесіне сыйлықтар берумен басталып, арты құттықтау тілектерімен жалғасты. Кеш қонақтары біздер ғана емес ,сонымен қатар, Алуаның  сыныптастарыда болды. Осылайша, біздің таныстық ортамыз кеңейіп, достарымыздың қатарына жаңа достар қосылды.

   Жаңа достарымыз адамгершілігі жоғары жандар болып шықты.  Бірақ достардың ішіндеде саған жақын жан болатыны да жасырын емес. Онымен бар ойыңды бөлісесің, ол сенің жан- дүниеңді ғана түсініп қоймай, қолда барын аямайды. Тіпті кейде, сенің өмірің мен оның өміріндеде ұқсастық табылып жатады. Сондықтан болар бәлкім, таныстығымыздың арасында кедергі болмағаны. Тіпті, олармен әңгімелесудің өзі мағыналы болады. 

 Осы оқиғалардан кейін, ойыма жақсы нәрсе орала берді-"психологиядағы ұқсас заттар ұқсас заттарды тартады"-деген мәселеге жақсы көзқараспен қарай бастадым.Мен енді жақсы жағынан өзгеруге тырыстым. Ойымды, санамды, мінез-құлқымды барлығын- барлығын жақсы жаққа қарай бағыттадым. Тек жақсылық ойлайтын болдым. Бір қызығы осындай болып өзгерген сайын, достарымның қатарына жүрегі таза жақсы достар келіп қосыла берді. Мен күніге солармен сөйлескен сайын рахаттанатынмын. Себебі, олардың бір сөзінің өзінен санаңа жақсы ой қалыптастырып отырасың.

  Сөз соңында айтпағым, сіз жақсы жан болып өзгерген сайын, айналаңыз, достарыңыз, араласатын ортаңыз жақсы болып өзгеретін сияқты, осы өміріңізге алғысыңыз шексіз болады. Сондықтан өзгерістерден шаршамаңыз. Өзіңізді жақсы жағынан бағыттаңыз. Сонда өміріңіз де жақсыға қарай бет алады!  Сіздің қолыңыздан бәрі келеді! Достарыңызбен бірге әлемге жақсылық сыйлаңыздар.Мен сізге сенемін!



Бөлісу: